Атырау, 19 сәуір 06:50
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Спорт жаңалықтары

2 045 просмотра

«Мәмлүктер» ҚР Кубогында «қолаға» қол жеткізді

Image 2Облыстық «Бейбарыс» хоккей клубы Қазақстан кубогының қола жүлдесін жеңіп алды.

Александр Истомин жаттықтыратын «мәмлүктер» 5 матч өткізіп, оның төртеуінде жеңіске жетті.

Жартылай финалда «Бейбарыс» көкшетаулық «Арланнан» 1:4 есебімен ұтылып, «қола» үшін болған кездесуде астаналық «Номадты» 5:1 есебімен ойсыраты ұтты. «Мәмлүк» Георгий Дульнев турнирдің үздік қорғаушысы атанды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті «Бейбарыс» ХК ұсынды

***

Нағыз ерлерше күресті

Image 026-27 тамызда Привокзальныйдағы ДСК-нде оқушылар арасында қазақ күресінен жарыс өтті.

Ересектер арасындағы қазақ күресін талай көрген едім, алайда 8-10 жасар балалардың күрескенін алғаш рет көріп тұрмын. Әлжуаз аяқ-қолдары, тықырлай алынған шаштары...

Дегенмен, жүздерінен жеңіске деген жігерлері айқын көрініп тұр. Кейбір белдесулер бірнеше минутқа созылса, кейбіреулеріне қарсыласын алып ұруға екі секунд та жетіп жатыр. Бір белдесуде сәтсіз құлаған бір бала қатты ауырсынып жатты. Оң бүйірін ұстап, қатты қиналды. Төрешілер мен медбике баланы қоршай алды. Бірер минуттан кейін бала орнынан тұрғып, белдігін түзеп, айқасты кері жалғастырды. Өкінішке орай, ұтылып қалды (ауырсынғаны көрініп тұр), кейін жаттықтырушысынан сөз естіді, айтып-айтпай не керек, баланы аяп, жүрегім шымырлады. Сондықтан да мұндай жарыстарда әйелдер көп болмайтын шығар, ана жүрегі бұған шыдай алмайды. Алайда нағыз еркектер осылай тәрбиеленеді.

Сонымен, нәтижелер: өз салмақ дәрежелерінде 1-орынды Аңсаған Қазбек пен Әділжан Ұлан (екеуі де Исатай ауданынан), Кәрімжанов Алдияр, Қисапов Әділет, Измұханов Дияс, Ғалымов Бейбарыс, Дияр Айдос (барлығы да Атыраудан) алды.

***

Сол күні тоғызқұмалақтан жарыстар өтті.

Өз жас ерекшелік санатында Еламан Изимов пен Тілеужан Ғаламов жеңімпаз атанды. Екінші орын Шораев Болатбек пен Нұрмағанбетова Жұлдызға, үшінші орын Дина Нұрмағанбетова мен Дулат Сәрсеновке (Мақат кенті) бұйырды.

Анастасия ПАСТУХОВА

***

Стронгмендер гастрольде

Image 330 тамызда Ақтөбе қаласындағы Бірінші президент саябағында ҚР Конституциясы күніне орай күштік спорт түрлері – жатып зілтемір көтеру, кір тасын көтеру, армрестлинг пен күштік экстримнен жарыстар өтті.

Турнирді «Wheels Brothers Атырау» мотоклубы (Олег Шмаль) мен Батыс Қазақстан бодибилдинг және фитнес федерациясы (Сергей Передистый) ұйымдастырды.

Жарысқа 11 атлет қатысты. Іс-шараны көруге көрермен көп жиналды.

Күштік экстрим бағдарлама-сына жақында Атырау қаласындағы Мұнай және газ институты ауласында өткен турнирдегі жаттығулар – 90 келілік томарды көтеру, 320 келілік тегіршекті аудару, 70 келілік екі «чемоданды» алып жүру («фермердің серуені»), зілтемірді тізеге дейін көтеру, ПАЗ автобусын сүйреу кірді.

Бұл жерде де ақтөбелік спортшы жеңімпаз атанды. Атыраулық спортшылардың нәтижелері: 2-орын - Николай Кучкин, 5-орын– Әдиет Нұрбол, 8-орын – Исатай Адресов.

Армрестлингте абсолюттік дәрежеде 32 қатысушының арасынан Н. Кучкин үздік атанды.

Атырау қаласының мықтылары Батыс Қазақстан бойынша гастрольдерін жалғастыруда – 5 қыркүйекте Орал қаласында өнер көрсетеді.

Спортшылар мен жаттықтырушы С.Передистый қолдау көрсеткені үшін «Бейкер Хьюз», «Интертек» (Сирил Бейбридж) компанияларына және спорт жанкүйері Аманжол Нұғмановқа алғыс айтады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген С.Передистый

***

Муайтай корольдігінен келген қола

Image 114-24 тамыз аралығында муайтайдың отаны Тайланд корольдігінде кезекті әлем чемпионаты өтті.

Биылғы әлем чемпионатына 102 елден 2 500-ден аса спортшы қатысты. Қазақстан құрамасы сапында 24 атлет өнер көрсетіп, олардың 18-і жеңіс тұғырына көтерілді. Олардың ішінде кадеттер арасында 1 алтын мен 2 күміс, «Б» сыныбында – 1 қола, «С» - 1 күміс пен 4 қола, «А» сыныбында – 6 қола медаль.

Әлем чемпионаты алдында екі кезеңде толық оқу-жаттығу жиыны өтті: алдымен Алматыда, содан кейін Самуи аралында жаттығу жасады. Атыраулық спортшылар Абылай Құралбаев (48 келі) және Ишан Ғалиев (57 келі) қола медальға ие болды. Жерлестеріміздің ең беделді «А» жас дәрежесінде айқасқа түскендерін айтып өткен жөн.

Жалғыз алтын медальді 32 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен 13 жасар Мақсат Дүйсенғали жеңіп алды. Спортшыларды Мейрам Ғалиев, Бақытжан Мұхамбеталиев, Нұрберен Әміржанов, Айбат Рахман бастаған жаттықтырушылар командасы дайындады.

Анастасия ПАСТУХОВА

3 қыркүйек 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.