Атырау, 28 наурыз 17:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

​Шашпасаң, таза болады

1 832 просмотра

- Контейнерлер маңында шашылып жатқан қоқыстарды кім жинайды, Арнайыавтобаза қызметкерлері ме, әлде ПИК пе?

Сұраққа «Арнайыавтобаза» КМК басшысы Мұратбек МАХАНОВ жауап беред:

- Контейнер айналасындағы 5 метр жерді біздің қызметкерлеріміз тазалауы керек, алайда кейде олардың мұны жасамай кететін кездері болады. Тәжірибесі бар қызметкерлер, негізінен, өз міндеттемелеріне жауапкершілікпен қарайды, ал жастар жағы олқылықтар жіберіп жатады. Мен өз қызметкерлеріме үнемі қоқыс тиейтін көлік жүргізушісі шығып, көмектесіп, ештеңе қалмағандығын қарауы қажет деп айтып жүремін. Егер олар мұны жасамаса, біз ескерту жасап, сыйақыларын кесеміз. Дегенмен, қалада 2 000-нан астам контейнер бар, әрқайсысын қарап жүру қиын, сондықтан да қоғамдық көмек керек-ақ. Кейде тұрғындардың өзі қоқысты контейнерге салмай, лақтырып кетеді.

3 қыркүйек 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.