Атырау, 29 наурыз 11:36
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Кеңес бер, көмектес!

1 642 просмотра

Image 0Бұрын жалғыз Атырауда жұмыс істеген іскер әйелдер кеңесі енді төрт ауданда: Жылыой, Махамбет, Мақат, Индер аудандарында құрылды. Бұл туралы Индер ауданының кәсіпкер әйелдерімен болған кездесуде айтылды.

Орта және шағын бизнесті дамытуда нәзік жандылардың алатын орны ерекше. Мәселен, Жылыой ауданында кәсіпкерлікпен айналысатындардың 80 пайызы әйелдер. Бірақ жағдай бірдей емес, олардың басым бөлігі кепілдіктің жоқтығы, жаңа кәсіпті ашудағы қағазбастылық, грантқа ие бола алмау жүйкеге салмақ түсіретінін айтады. Салдарынан жаңа істері ілгері баспай қалады немесе бел ортадан үзіледі.

- Қалада кеңсе жұмысы жолға қойылған. Енді аудандарда да бизнес-жобаларды дайындауда және жүзеге асыруда көмектер көрсетіп, шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары жайлы ақпараттандыру іс-шаралары ұйымдастырылып тұрады, - деді облыстық Мәслихаттың депутаты, ҰКП жанындағы облыстық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Әлия БЕКҚОЖИЕВА.

Жиын кезінде кәсіппен айналысушы немесе айналысқысы келетін әйелдерді банктен несие алу мәселесі көп мазалайтындығы сөз болды. Көмек сұрады. Бизнес бастағысы келген әйелдер де қатысты. Оларды кәсіпкерлікті жүргізу сауаттылығы көп қызықтырды. Сұрақ көп. Сол сұрақтарға жауап іздеп, аудандағы кәсіпкер әйелдердің мәселелерін реттеуге атсалысу міндеті аудандық іскер әйелдер кеңесіне жүктелді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

3 қыркүйек 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.