Атырау, 19 сәуір 00:14
 ашықВ Атырау +24
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​Қытайда химиялық зауыттардың бірінде ірі жарылыс болды

1 655 просмотра

Image 0

Қытайдың шығысында Шаньдун провинциясындағы химиялық зауытта ірі жарылыс болды. Бұл туралы "Жэньминь жибао" басылымының Twitter парақшасында хабарланды.

Басылымның мәліметінше, оқиға жергілікті уақыт бойынша 31 тамызда сағат 23.25-те болған. Жарылыстан қаза тапқандар мен жарақат алғандар туралы мәлімет жоқ.

Еске сала кетейік, 12 тамызда Қытайдың солтүстігіндегі Тяньцзинь қаласындағы Ruihai Logistics логистикалық компаниясының қауіпті заттар сақталатын қоймасында жарылыс болғаны хабарланған еді. Қытайдың сейсмикалық агенттігі бірінші жарылыстың тротил эквивалентінде үш тонналық күшке ие болғанын, ал екіншісі 21 тонна болғанын хабарлады.

Дереккөз:tengrinews.kz

2 қыркүйек 2015, 14:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.