Атырау, 25 сәуір 22:29
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Қазақстан паспорттарына Назарбаевтың сөздері жазылатын болды

1 592 просмотра

Image 0Қазақстан паспорттарына республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сөздері жазылатын болды, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі. Мұндай норма "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы" заң жобасында қосылған.

"Бұл - республиканың "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" заңына қосымшалар енгізу туралы заң жобасы. Заң жобасының мақсаты - "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық патриоттық идеясының негізгі нормалары мен құндылықтарын енгізу. Құжатта "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" заңына, нақтырақ айтсақ, республика азаматының паспортына тұңғыш Президент, Ұлт көшбасшысының тәуелсіздік жайлы сөзімен, сонымен қатар, республика азаматының жеке куәлікті алуы кезінде ант беруге міндеттеуді қарастырады", - деп хабарлады Мәжіліс отырысында Рахмет Мұқашев.

Бүгін Парламенттің төменгі палатасының қарауына 40-тан аса заң жобасы келіп түсті.

Дереккөз: tengrinews.kz

2 қыркүйек 2015, 11:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.