Атырау, 29 наурыз 19:44
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

«Қалалық әкімдік сөз бергенмен, көмектескен жоқ»

1 914 просмотра

Image 0
Редакциямызға Құрсай ауылының тұрғыны Ақтолқын САПАРҒОЖИЕВА хабарласты. Оның үйі үстіміздегі жылдың 12 мамырындағы нөсер жауыннан зардап шеккен екен. Алайда қалалық әкімдіктен толық көмек ала алмай отыр.

Ақтолқынның кіші баласымен бірге тұрып жатқан үйі (үлкен ұлы әскер қатарында, ал жолдасы 2006 жылы қайтыс болған) ертеректе салынған көне там: шатыры жоқ, қамыс үй. Жаңбырдың суы шатырсыз үйдің ішіне ағатыны айтпаса да түсінікті.

12 мамырда осы үйді, қаланың басқа көптеген үйлері сияқты, су басты. Ақтолқын он күн Балықшыдағы Абай атындағы мектепте тұрды, тағы бір айын қала кәсіпкерлері жалға алып берген жайлы пәтерде өткізді. Осыдан кейін жесір әйел ескі үйіне қайтып келді.

Қабырғадағы саз сылақтар құлап, едендері сықыр-сықыр етеді. Әйелдің айтуынша, қала әкімінің орынбасары Амантай АЙТБАЕВ үйіне келіп, қолдан келген көмекті көрсетеміз деп уәде берген.

Қалалық әкімдік мамандарының айтуымен Ақтолқын үй салуға қажетті материалдар тізімін жасаған: шифер, еден тақтайлары, пеш салатын отқа төзімді тас, стропила, цемент, құм, шебін, терезе және есіктер. Алайда кейіннен қалалық әкімдік қызметкерлері көмектеспек болған ниеттерінен айни бастады. Олар аулаға бір машина шебін мен құм әкеліп, басқа көмек күтпеңіз деп ескертті.

Ақтолқын әр түрлі мемлекеттік органдарға көмек сұрай барғанмен, қолына ештеңе тимеді.

«Мен супермаркетте наубайшы болып жұмыс жасап, 50 мың теңге жалақы аламын. Ұлым мектепті жаңа бітірді. Қалалық әкімдік алдап кетті. Не істерімді білмеймін».

30 тамызда Атырауда жаңбыр жауды. Ақтолқын төбеден аққан судан дүниелерін қорғаймын деп тағы әбігерге түсті.

«Қалада ТЖ жарияланғаннан кейін жұмыс топтары құрылып, құрамына қалалық мәслихаттың депутаттары, қалалық бөлімдердің басшылары, сарапшылар мен жобалаушылар кірді. Олар нөсер жауыннан зардап шеккен барлық нысандарға, соның ішінде азамат А. Сапарғожиева тұратын Еркінқала көшесіндегі 33-үйге де зерттеу жүргізді.

Жұмыс тобы бұл үйді апатты деп танымады. Алайда Сапарғожиева бізге екі ұлын жалғыз тәрбиелеп отырғанын, осыған байланысты үйді жөндеуге қаржылық мүмкіндігі жоқ екендігін айтып, көмек сұрай келді. Жағдайды пайымдай келе, біз оны қаланың ірі компанияларынан демеушілік көмек алатын азаматтардың тізіміне қостық.

Image 1
Алайда ТЖ салдарынан зардап шеккен азаматтармен қалалық әкімдікте кездесу кезінде Сапарғожиева үйінің құлайын деп тұрғанын айтты, осыған байланысты мен үйді қайта қарауға өзім бардым және зерттеу барысында үйдің шатыр салып, қабырғаларын сылап, ақтау, үйдің айналасына топырақ төгу сияқты жөндеу жұмыстарын қажет ететіндігін анықтадық. Мен оған компаниялардың демеушілік көмегіне қосымша құрылыс материалдарымен көмектесемін деп сөз бердім. Алайда құрылысшыларды өзі табады деп келісімге келдік.

Қаланың құрылыс компанияларының бірі құрылыс материалдарымен демеушілік көмек көрсетуге ниет білдіріп, Сапарғожиеваның үйіне бір-бір Камаз шебін, тастақты құм және топырақ жеткізілді, қалған құрылыс материалдарынан (екі машина топырақ, рубероид және цемент) ол бас тартты және құны жаңа үй салуға жететін құрылыс материалдарының тізімін ұсынды.

Мысалы, Химпоселок ауылындағы Молодежный,123 мекенжайында тұратын азамат Өтеқариеваның жағдайы да бұл кісіге ұқсас: ол да балаларын жалғыз тәрбиелеп отыр, ал үйінің күйі бұдан да күйсіз, алайда ол құрылыс компанияларынан құрылыс материалдарын қабылдап, қазір жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Біз әр жағдайды жеке қарап, қолданыстағы заңнамалар аясында жан-жақты көмек көрсетуге тырысамыз. Өкінішке орай, кейбір азаматтарымыз заңды белінен баса алмайтындығымызды түсінгісі келмейді».

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

2 қыркүйек 2015, 11:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.