Атырау, 24 сәуір 02:21
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Несие алушылар азайды

2 909 просмотра

Image 0Облыс тұрғындары соңғы кездері несиелерді бұрынғыдан аз алатын болған.

ҚАРЫЗҒА АЗДАУ АЛАМЫЗ

Бұған Ұлттық банк Атырау филиалының ресми статистикасы айғақ болады. 2015 жылдың 1 тамызындағы ахуалға сәйкес, несиелер бойынша мерзімі өткен бережақтар көлемі 2014 жылдың 1 тамызымен салыстырғанда 8,2 пайызға азайып, 14,2 млрд теңгені құрады. Егер жаңа несиелер туралы айтар болсақ, жыл басынан бері алынған қарыздар саны едәуір азайған. 2015 жылдың қаңтар-шілдесінде облысымыздағы банк филиалдары 122,4 млрд теңге сомаға несие берді. Бұл өткен жылдың қаңтар-шілдесіне қарағанда үштен біріне аз (33,3%). Заңды тұлғалар өткен жылға қарағанда (47,3 пайызға төмен) 2 есеге дерлік аз несие алды, ал жеке тұлғалар оңай ақшаға деген әдеттерінен анағұрлым баяу арылуда. Олардың несиелер көлемі бар болғаны 2,9 пайызға төмендеді.

Тұтынушылық мақсатқа облыс тұрғындары үстіміздегі жылдың қаңтар-шілдесінде 47,2 млрд теңге алды, бұл 2014 жылдың тиісті мерзімінің көрсеткішінен 5,7 пайызға аз. Ұлттық валютада несие беру 34,7 пайызға 97,7 млрд теңгеге дейін, шетелдік валютада – 27,2 пайызға, теңгемен өрнектегенде 24,7 млрд теңгеге дейін төмендеді. Ал несиелеудің жалпы көлемі алдыңғы айлармен салыстырғанда шілдеде 20,5 пайызға азайып, 15,9 млрд теңгені құрады.

ВАЛЮТАДА КӨБІРЕК САҚТАЙМЫЗ

Банктердегі депозиттер бойынша қалдықтар 2015 жылдың 1 тамызында өткен жылмен салыстырғанда 15 пайызға дерлік азайып, 171,4 млрд теңгеге жетті: 25 пайыз теңгемен және 73 пайыз шетелдік валютада. Депозиттердің жалпы сомасында жеке тұлғалар үлесі 56,2 пайызды (96,3 млрд теңгені), заңды тұлғалар үлесі - 43,8% (75,1 млрд теңгені) құрады. Жалпы жеке тұлғалардың депозитіндегі қаржылар қалдығы 2014 жылдың 1 тамызымен салыстырғанда 9,5 пайызға көбейді, заңды тұлғалар, керісінше, 33,8 пайызға азайды. Үстіміздегі жылдың алғашқы 7 айы ішінде банктер 848,4 млрд теңге депозит тарта алды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 26,2 пайызға аз. Заңды тұлғалардың үлесіне бүкіл ақшаның 90,2 пайызы немесе 765,2 млрд теңгеден келеді. Жеке тұлғалар салымы аздау – 9,8 пайыз немесе 83,2 млрд теңге. Депозиттер бойынша орташа сыйақы мөлшерлемесі 3,9 пайызды құрады, соның ішінде шетелдік валютадағы депозиттер бойынша – 2,6 пайызға дейін, ұлттық валютада – 7,3 пайызға дейін.

РУБЛЬДІ САТЫП АЛУ-САТУ КҮРТ ӨСТІ

Облыс аумағында 126 айырбас қосыны бар, оның 98-і банктерге, 3-уі – «Қазпоштаға» және 25-і - өкілетті ұйымдарға тиесілі. 2015 жылдың қаңтар-шілдесінде облыстағы айырбас қосындары тұрғындардан 96,3 млн АҚШ долларын (бұл 2014 жылдың қаңтар-шілдесіндегі көрсеткіштерден 1,6 пайызға көп), 3,6 млн еуро (20,0 пайызға көбейген) және 1 347,7 млн Ресей рублін (2,7 есеге өскен) сатып алды. 466,2 млн АҚШ доллары (31,8 пайызға көбейді), 10,1 млн еуро (2,9 пайызға азайды) және 5 910,5 млн рубль (3 есеге өсті) сатылды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

2 қыркүйек 2015, 10:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.