Атырау, 20 сәуір 05:45
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​Бюджет ақпараты қолжетімді ме?

1 670 просмотра

Image 0«Бюджеттік талдау және экономикалық мониторинг орталығы» қоғамдық қоры өздері өткізген «Қазақстандағы жергілікті бюджеттердің ашықтық индексі - 2015» зерттеулерінің нәтижелерімен таныстырды. Атырау облысы мүмкін болар 100 балдан 35,54-ке ие болды.

Сауалнама сарапшылардың көпнұсқалы жауаптары бар 60 сұрақтан тұрады. Әр түрлі өңірлердің нәтижелері қай өңірлердің өз азаматтарына бюджеттік процеске қатысуға қандай мүмкіндік беретінін анықтауға жәрдемдеседі.

Зерттеу қорытындылары бойынша, Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облыстары мүмкін болар 100 балдан сәйкесінше 62,51 және 44,57 ұпай жинады. Батыс өңірде Атырау облысы 35,54 балл, БҚО - 35,78, Ақтөбе - 39,02, Маңғыстау облысы - 27,17.

- Атырау облысын бағалау жергілікті органдардың халыққа бюджет және өз қаржылық қызметтері туралы аз ақпарат беретіндігін көрсетеді,- дейді «Бюджеттік талдау және экономикалық мониторинг орталығы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Ұлықбек ТІНӘЛИЕВ.

Зерттеудің «Бюджет жобасын жоспарлау және әзірлеу процесінің ашықтығы» деген бірінші бөлімінде (23 балл) әкімдіктердің бұл салада ең аз ұпай алғанын көреміз. Ал бұл бюджет жобасын әзірлеу кезеңіндегі құжаттамалардың ашықтығына жергілікті әкімдіктер басымдық беруі керек деген сөз. Сауалнаманың бюджетті қарау және бекітудің ашықтығына қатысты екінші бөлімі салыстырмалы түрде жақсы нәтиже – 100 балдан 48 балл – көрсетті. Сарапшылар, сондай-ақ, бюджетті қарау және бекіту кезеңіндегі құжаттамаларға қолжетімділік жеткілікті деңгейде – 66 балл, алайда мемлекеттік органдардың өз жұмыстарына қоғамды қатыстыру бойынша әрекеттері төмен балл алды – 44, ал өкілетті органдардың, яғни, мәслихаттардың ұсыныстарын есептеуді бағалау түк те ұпай ала алмады. Бюджеттің орындалу кезеңіндегі бюджеттік құжаттамалардың ашықтығына арналған бөлімде 39 балл жинады. Бөлім ішіндегі екінші бөлімше - өкілетті органдардың бюджеттің орындалу кезеңіндегі ұсыныстарын есептеуде 33 балл алды. Бұл да мәслихаттар белсенділігінің төмендігі және атқарушы органдардың олармен сындарлы байланыс орнатуға құлықсыздығы туралы пікірлерін растайды.бюджеттің орындалу процесіне қоғамды қатыстыруды сарапшылар мүмкінболар 100 балдан 8 ұпай жинаған.

Бюджеттің орындалуы туралы жылдық есеп беру халыққа ең қолжетімді (39 балл) кезең екен. Алайда бұл үлкен жетістік емес, өйткені бұл кезеңде ешқандай шешімдер ағымдағы ахуалды түзей алмайды, бюджет жаратылып, қаржы құралдары есептен шығарылады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

1 қыркүйек 2015, 14:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.