Атырау, 25 сәуір 07:21
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Қытай қор биржаларындағы сауда-саттықтың ашылуы кезінде баға төмендеп кетті

1 486 просмотра

Image 0Қытай экономикасында өндірістік белсенділіктің төмендеуіне байланысты құрлықтық Қытай қор биржаларындағы сауда-саттықтың ашылуында индекстердің төмендегені байқалды, деп хабарлайды ТАСС.

Жергілікті уақытпен сағат 10:35-тегі жағдай бойынша, Shanghai Composite Шанхай қор биржасының индексі 3,50%-ге, 3093,67 тармаққа дейін төмендеді. Шэньчжэнде биржа индексі 4,47%-ге, 10077,27 тармаққа дейін төмендеді. Сарапшылардың мәліметінше, баға белгіленімдерінің құлдырауына тамыз айында Қытай экономикасының өндірістік секторында іскерлік белсенділік индексінің (PMI) 0,3 тармаққа, 49,7 тармаққа дейін төмендеуі себеп болды.

Дереккөз:bnews.kz


1 қыркүйек 2015, 10:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.