Атырау, 19 сәуір 10:21
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Назарбаевқа Сербия Республикасының Ордені табысталды

1 263 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанаға ресми сапармен келген Сербия Республикасының Президенті Томислав Николичпен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қарым-қатынас мәселелері талқыланды. Екі ел көшбасшылары халықаралық күн тәртібіне де қатысты пікір алмасты.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Сербия Республикасымен сындарлы қарым-қатынасты дамытуға мүдделі екенін атап өтті.

«Қарым-қатынастарымызға тың серпін бере аламыз деп санаймын. Бүгін бизнес-форум өтеді, онда елдеріміздің іскер топтары өзара тығыз байланыстарды жолға қоя алады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Т.Николич Қазақстанға шақырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдірді және Астананың ауқымды даму қарқыны өзін тәнті еткенін айтты.

Сербия Президенті, сондай-ақ, Қазақстан халқын «Астана» футбол клубының УЕФА чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өтуіне байланысты құттықтады.

Кездесу соңында Т.Николич Нұрсұлтан Назарбаевқа Сербия Республикасының Орденін тапсырды.

«Мен бұл орденмен Сізді елдеріміздің арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға қосқан үлесіңіз үшін ғана емес, өз халқыңызға жасап жатқан игіліктеріңіз үшін және Қазақстанның халықаралық құқық қағидаттарын сақтаудағы табандылығы үшін марапаттап отырмын. Сіз - әлемдік ауқымдағы, сирек санаттағы көшбасшысыз», - деді Сербия Президенті.

Дереккөз: inform.kz

28 тамыз 2015, 17:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.