Атырау, 19 сәуір 23:20
 ашықВ Атырау +27
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Шекарашылар жұмыстарына кері алынды

3 358 просмотра

Image 0

Шекара қызметінің формасын киген екі әскери қызметкер әйелдің сүйісіп тұрғаны түсіп қалған бейнежазбаның кейіпкерлері өз басшысына қарсы талап-арызда жеңіске жетті. Кеше, 27 тамызда Атырау қалалық соты заңсыз жұмыстан шығарылғандарды жұмыс орындарына қайтарып, әрқайсысына 30 мың теңге мөлшерінде тигізілген моралдық зиянды өтеуге қаулы шығарды.

2015 жылдың 5 мамырында бейнебақылау мониторынан түсірілген телефон бейнежазбасы әлеуметтік желілер мен ғаламторды шарлап кетті. 6 мамырда шекарашы әйелдерді пайдаланылмаған еңбек демалысы күндеріне демалып келуге жіберіп, содан соң ҚР «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 26-бабы бұзылды деген сілтемемен жұмыстан шығарған еді. Бұған негіз болған нәрсе - әскери қызметкерлер дәлелді себепсіз қатарынан үш және одан да көп сағатта қызметте болмаған.

Старшина мен аға матрос сотқа бірден еңбекақылары мен моральдық зиянды өндіріп алу туралы талап-арыз беріп, қызметтік тергеу қорытындысы бұрмаланған, қызметтік тергеу материалдарының жалған фактісі орын алған, ал жұмыстан шығарудың өзі болмаған жағдайға байланысты ресімделген деп растады.

Сонымен қатар, талап-арыз берушілер өз пайдаларына жауапкерден – «ҚР Ұлттық қауіпсіздігі комитетінің Шекаралық қызметі Жағалау күзетінің 2201 «Г» Әскери бөлімінен» - әрқайсысына 5 млн теңгеден тигізілген моралдық зиян үшін өтемақы өндіріп алуды сұрады. Бұл тұрғыда сот талапты ішінара қанағаттандырды. Қызметке қайта алу және мәжбүрлі түрде жұмыстан қалғаны үшін төлемдер төлеуге қатысты сот шешімі шұғыл орындалуға тиесілі. Жағымсыз танымалдылыққа ие болған шекарашылар жұма күні қызметке кірісті.

- Шекаралық қызмет қолбасшылығы бейнежазба мен жұмыстан шығару арасында себеп-салдарлы байланыс бар екенін жоққа шығарады. Алайда мен сотта мүдделерін қорғайтын менің талап-арыз берушілерімнің мәліметтері бойынша, жұмыстан шығарар алдында 6 мамырда басшылық оларға осы бейнежазбаны көрсетіп, оларды өз жүріс-тұрыстарымен шекаралық қызмет абыройына нұқсан келтіреді деп айыптаған. Ресми түрде бұл жұмыстан шығаруға себеп болмағандықтан, оларды «мәжбүрлі» демалысқа жіберіп, кейіннен келіспеген жағдайда оларға қатысты қылмыстық қудалауға ұшырату жөнінде қоқан-лоққы жасап, формалды себеп бойынша жұмыстан шығарған, - дейді адвокат Аслан ЖОЛБОЛОВ.Талап-арыз берушілер жалпы сот шешіміне риза. Алайда әзірге неліктен жауапкер өкілдер мен жауапкердің қолбасшылығын, сонымен қатар сотқа көрінеу жалған жауап берген куәгерлерді жалған дәлел және жалған куәлік бергені үшін заңда қарастырылған жауапкершілікке тарту туралы біздің өтінішхатымызға қатысты мәселені соттың шешпегені түсініксіз қалып отыр. Бәлкім, сот шешімінің толық мәтінін алған соң, біз осы тұрғыдағы шешімге шағым беру шараларын алатын шығармыз.

- Көпшілік жанжалды бейнежазба таратушыларды жазалау ниетімен сотқа шағымданды деп күтті. Өйткені мәселе жеке өмірге араласу туралы болып отыр.

- Шынымен, түсірілім қызмет уақытында, жұмыс орнында түсірілмеген. Әңгіме іс жүзінде жеке өмірге қол сұғу туралы болып отыр. Қазіргі кезде талап-арыз берушілер әлеуметтік желілерде бейнежазбаларды таратуға кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы мәселеге шындап кірісуде. Біздің қолымыздағы және әзірге расталмаған мәліметтер бойынша бейнежазба Солтүстік Каспий Экологиялық мұнай төгіндісіне әрекет ету базасының бейнебақылау қызметінің мониторынан жасалған (базаны – жалға алу келісімшарты бойынша NCOC N.V. компаниясы пайдаланады – З.Б. ескертпесі). Келесі күні кезекшілікте болған қызметкерлер - толық құрамдағы бүкіл ауысым жұмыстан шығарылды. Яғни, бұл жанама түрде олардың әрекетіндегі заң бұзушылықтың дәлелі болып табылады. Оларды заңды жауапкершілікке тарту туралы мәселе біздің адвокаттық кеңседе жасақталуда. Бұл хикаяның жалғасы бар деп ойлаймын...

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Суретті түсірген автор

28 тамыз 2015, 17:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.