Атырау, 20 сәуір 07:14
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Тұрақтануын күтеміз

3 408 просмотра

Дүйсенбіде теңгенің долларға шаққандағы құны 218 теңгені құрады.

Естеріңізге салсақ, жұма күні банктер 235-240 теңге деңгейдегі курстармен жабылған еді. ҚР Ұлттық банкінің талабы бойынша жұма күні кешке курс өзгермеуі қажет.

- Сенбіге белгіленген сату курсы өзгеріссіз қалуы керек, - деп мұны растады Ұлттық банкі Атырау филиалының директоры Қозыбақ ҚҰЛБАРАҚОВ. - Өткен сенбі және жексенбі күндері теңге курсының еркін жүзуге көшкеннен кейінгі алғашқы демалыс күндері болды. Біз екінші деңгейлі банктер мен өкілетті ұйымдардағы ахуалға мониторинг жасадық, бұл күндері сату курсы ресми көрсеткіштен төмен болғанын атап өткен жөн.

Жұма күні ресми курс 255,26 деңгейінде (KASE-нің таңғы саудасы бойынша орташа бағам) белгіленді, түстен кейін тағы да сауда болып, курс біраз төмендеді. Осыған сүйенген банктер ресми курстарын Ұлттық банкінің ресми курсынан төмен белгіледі: 239,5-241. Жексенбіде тек Каспий банкі 239-240 курсы бойынша жұмыс жасады. Яғни, барлығы талаптарды орындауда.

- Ал егер орындамаса ше?

- Біздің өңіріміз ерекше: жалақының ең жоғары деңгейі бізде, сондай-ақ банктік айырбастау бекеттері де көп. Жеке меншік айырбастау бекеттері аз, 3-4%, олар жалпы нарықта шағын сату көлеміне ие. Басқа қалаларда жеке меншік айырбастау бекеттері бизнес ретінде кең таралған, бізде барлығы 25 бекет болса, басқа қазақстандық қалалардан 200-ге дейін жетеді. Мәселен, Алматыда олар айырбастау кассаларының негізін құрайды. Сондықтан да демалыс күндері бізде шттатық режимде, еш келеңсіздіктер, тұтынушылар тарапынан шағымдар болмай өтті. Егер осындай фактілер анықталса, арам ниетті ойыншыларға санкциялар қолданылар еді, мысалы: қызметі тоқтатылып, лицензиясын алуға дейін баратын едік. Алайда мұндай оқиғалар тіркелген жоқ. 2014 жылғы девальвация нәтижелері бойынша осындай бірнеше жағдай Алматыда ғана орын алған, - деді Құлбарақов.

Ұлттық банк жаңа саясатын мәлімдеген алғашқы екі күнінде доллар бойынша 2 теңге және еуро бойынша 3 теңгелік маржа деңгейін қадағалады. Бұзушылықтар болған жоқ.

Атырау бойынша статистика әзірге жоқ, алайда көрші Ақтөбеде халықтың 2 млн долларға жуық ақша тапсырғаны туралы деректер жарияланды. Алғашқы күндері доллар 255-ке секіргенде адамдар қолма қол ақшаларын белсенділікпен тапсырды, кейін баға түсе бастады. 24 тамызда биржаның таңғы сессияда курс 218,61 теңгеге төмендеді. Таңғы сессиядағы сауда көлемі 75 млн долларды құрады. Екінші деңгейлі банктерде баға 210-212 теңгеге құлады. Құлбарақовтың айтуынша, теңге курсының тұрақтануына уақыт керек:

- Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, белгілі бір уақыт кезеңі қажет: жеті, он, отыз күн... Ресейде баға тұрақтанғанша бірталай тербелістер болды, бірнеше апта шыдау қажет.

KASE-нің күндізгі сессиясында курс шамалы көтеріліп, 1 АҚШ долларына 220,92 теңгені құрады.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

24 тамыз 2015, 18:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.