Атырау, 29 наурыз 01:57
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

АтМжГИ-де Қытайдың 80 студенті оқитын болады

3 170 просмотра

20 тамызда Атырау Мұнай және газ институтының оқытушылары осы жоғарғы оқу орнына оқуға түсу үшін автобуспен бүкіл Қазақстанды Атырауға дейін шарлап жеткен Қытайдың 50 жас азаматын қарсы алды.

Оларға таяу уақытта Атырауға өз бетінше келе жатқан тағы 30 жерлесі қосылады.

- Бұлардың бәрі біздің болашақ студенттеріміз – Үрімші қаласының тұрғындары. Жігіттер біздің жоғарғы оқу орнынан мамандық алуға ниет білдірді. Сұхбаттасудан сәтті өткеннен кейін олар Мұнай және газ институтына қабылданды, - деп әңгімелейді АтМжГИ халықаралық және академиялық ынтымақтастық бөлімінің басшысы Айсұлу ТҰРНИЯЗОВА.

- Олардың барлығы қазақ тілін керемет меңгерген, оқыту тілі де, әрине, қазақша болады. Рас, олар үшін қазақ жазуын үйретуге тура келді, өйткені олар кириллицаны білмейді.

Айта кету керек, бұл шалғай шетелден келген институттағы алғашқы шетелдік студенттер. Негізінен шетелден Ресейден келеді.

- Жалпы, біздің жоғарғы оқу орны мен үш қытайлық студент арасында байланыс көптен бері жолға қойылған, - дейді А.Тұрниязова. – Біздің оқытушылардан құралған делегация бізбен ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылған сол жақтағы жоғары оқу орындарына бірнеше рет барды. Биыл тәжірибе алмасу үшін қытайлық оқытушылар делегациясын күтіп отырмыз.

Соңғы жылдары АтМжГИ басқа елдердің оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастықты дамытуға ұмтылуда. Тәжірибе алмасу бойынша биыл АтМжГИ-дің 10 студенті Польшаға, тағы 10-ы Ресейге оқуға барады. Жақында институт Хьюстонның жетекші оқу орындарының бірімен ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойды. Биыл институттың жанынан халықаралық бағдарламалар институты ашылды. 1 қыркүйектен бастап осы жерде тілдер орталығы жұмысын бастайды, ниет білдіруші студенттер мен оқытушылар қытай, итальян және ағылшын тілдерін тегін үйрене алады.

Тамара СУХОМЛИНОВА

24 тамыз 2015, 15:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.