Атырау, 28 наурыз 16:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Оқушылар «пәтерге» кетіп қалған

2 805 просмотра

Image 02015 жылдың басынан бері кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың 30,7 пайызға азайғаны байқалады деп атап өтті Атырау қалалық ІІБ ювеналды полиция бөліміндегілер. Ал полицейлер басқа проблеманы айтады – үйлерінен кетіп қалатын жасөспірімдер көбейіп барады екен.

Жыл басынан бері Атырау қалалық ІІБ-не 1300-ден астам жасөспірім жеткізілген, 1200 әкімшілік құқықбұзушылық ресімделген. Атап айтқанда, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ата-аналарының қарауынсыз көшеде жүрген 944 фактісі; түнгі уақытта сауықтыру орындарында жүрген 39 фактісі тіркелген.

Үйден кетіп қалу бойынша: жыл басынан бері – осындай 32 факті (22 қыз бен 10 бозбала) бар. Бүкіл жағдайда да жасөпірімдерді полицей тауып, ата-аналарына табыстаған.

- Біреуі бірнеше күнге кетіп қалады, басқалары айлап жоқ болады, - дейді Атырау қалалық ІІБ бастығының орынбасары Ерлан БИҒАМБАЕВ. – Себеп – ата-аналармен нашар қарым-қатынас, «жақсы емес» достардың теріс ықпалы, үйден тыс басқа өмірді тануға құмарлығы. Ең жаманы, кей жағдайда ата-аналар баласын іздемейді немесе тек бірнеше күн өткеннен кейін ғана іздей бастайды.

Оқиғалардың бірі 4 тамызда орын алған. Екі қала тұрғыны Атырау қалалық ІІБ-нің №1 қалалық полиция бөлімшесіне оқушы қыздарының 1 тамыздан бері үйлерінде жоқ екендігін мәлімдеген. Бұған дейін туыстары қыздарды өздері іздепті. Нәтижесінде төрт жігітпен бірге жоғалып кеткен олар осы уақытқа дейін уақытша бос тұрған қыздардың бірінің пәтерінде болған. 4 тамызда қожайындары пәтерді тексеруді ұйғарған кезде шақырылмаған меймандарды көреді. Қорқып кеткен жасөспірімдер 2-қабаттың терезесінен секіріп кетеді. Екі қыз да дене жарақатын алған, бірі ауруханаға жатқызылды. Бұдан басқа, осы пәтерде екеуінің зорлануы туралы ақпарат тексерілуде.

Тамара СУХОМЛИНОВА

14 тамыз 2015, 09:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.