Атырау, 28 наурыз 14:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Мұңлы жүздеріне қараңыздаршы...

4 854 просмотра

Бүгін, 12 тамызда, сағат 19.00-де Д. Нұрпейісова атындағы мәдениет үйінің жанындағы жағалауда жергілікті фотограф Ержан НҮРПЕЙІСОВТЫҢ «Мен отбасымды іздеймін» тақырыбында ерекше портрет көрмесі өтеді. Оның экспозициясының бас қаһармандары – ата-ана қамқорлығынан айырылған жетімдер мен балалар.

Атырау жастар ресурстық орталығының қолдауымен өтетін Ержанның осы акциясының мақсаты жетімдердің мөлдіреген көзімен біздің жанымызды қозғау ғана емес, Атырау облысындағы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне отбасы тауып беру.

- Осы сәбилермен, жасөспірімдермен сөйлескенде қандай сезімде болғанымды айтпай-ақ қояйын. Бір мезгілде өзімді бақытты сезіне тұрып, әбден күйзелдім. Егер осы көрмеден кейін бір жетімді мейірімді адамдар бауырына басса, менің мақсатым орындалды деп есептеймін, - дейді көрме авторы. – Суретке түсірместен бұрын мен барлығымен жеке сөйлесіп шықтым. Бір-біріне ұқсамайды: ақ жарқын, мұңды, көңілді және тұйық. Әрқайсысымен жеке жұмыс жасауға, әрқайсысының ерекшелігін, сезімталдықтары мен ақ пейілдіктерін жеткізуге тырыстым. Бұдан не шыққанын келіп көрулеріңізге болады.

Айта кетсек, көрме қараңғы түскенше жалғасады, әрине, тегін.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті Е. Нұрпейісов ұсынды

12 тамыз 2015, 15:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.