Атырау, 25 сәуір 09:57
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Ағыс жоқ болғандықтан су осындай күйде

4 849 просмотра

Image 0Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының басшысы Бисен ҚУАНОВТЫҢ пікірінше, Жайықтың қазіргі жай-күйінің нашарлауына өзен суының аздығы мен ауаның, судың жоғары температурасы себеп болып отыр.

Оның айтуынша, әр 10 күн сайын инспекция Ресеймен шекарадағы белгілі бір нүктеде өлшеніп отыратын су шығынының (жылдамдығы) нәтижелерін алып отырады. 10 тамызда көрсеткіш секундына 106 текше метрді құрады және бұл орташа нормадан 10-15 пайыз төмен. Шілденің аяғына дейін су жылдамдығы секундына 140 текше метрді құрап келді. Дегенмен, ағыстың төмен жылдамдығы бұрын да байқалып тұратын. Мәселен, 2009 жылғы шілдеде секундына 109 текше метрді құраса, 2010 жылы 103 текше метр болды. 2011 жылы су көп болып, шығын 145 болды, 2012 жылы – 123, ал өткен жылы секундына 186 текше метрді құрады. Бұл көрсеткіштер өзеннің жоғары жағындағы судың мөлшеріне байланысты. Қазір ыстық, Орал тауларында жауын да, қар да жоқ.

- Су шығыны азайғанда, сәйкесінше Жайықтың суы да азаяды, су тез және қатты ысиды, жағалаулары түрлі түске боялады, - дейді Бисен Қуанов.

Инспекция Орынбордағы мамандарға шығып, «өнеркәсіптік кәсіпорындар өзенге зиянды заттар тастаған оқиғалар болды ма?» - деген сауалмен сұраныс жіберді. Ондай оқиғалар орын алмағандығы жөнінде жауап келді.

- Олар мұндай жағдай болса судағы дақтар Орал қаласында да, Махамбетте де байқалуы тиіс деді. Ал біздің жағдайымызда бұл оқшау құбылыс, мұны біз өзен үстімен ұшақпен ұшқанда байқадық. Біздің кәсіпорындарымыз өз қалдықтарын Сасық сайға төгеді. Арнайы суды пайдалану және төгуге рұқсат беретін ведомство ретінде біз бұл үдерістерді бақылауға аламыз. Зиянды заттар ескі арналар арқылы өзенге құйылуы мүмкін, - деп болжам жасады Қуанов.

Біз «Уральские недели» газетіндегі әріптестерімізге хабарласқан едік, олар Орал қаласының тұсында ешқандай дақ пен иіс шығу фактілері тіркелмегенін айтты. Су құбырындағы су сапасының өзгеруіне қатысты шағымдар газет редакциясына түспеген.

Қазіргі ахуалға байланысты инспекция жақын жердегі Ириклинск су қоймасының басшылығына шығып, суды жылдамдығын секундына 30 текше метрден 45-ке дейін арттыруға өтініш жасады. 11 тамызда ағыс көбейтілді.

Түске дейін өзеннің бірнеше тұсынан су сынамасы алынды. Түстен кейін алдын ала деректер бойынша судан мұнай өнімдерінің, фенолдың іздері анықталмағаны белгілі болды. Толық зерттеу әлі аяқталған жоқ.

- Экологтардың пікірінше, жағалау суындағы қалың жасыл түс шіріп жатқан балдырлардың әсерінен пайда болған. Біз үшін қазір маңыздысы - бұл өсімдіктер адам денсаулығына қалай әсер ететіндігін анықтау, - дейді Бисен Қуанов.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

11 тамыз 2015, 17:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.