Атырау, 25 сәуір 03:10
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​«Востокта» заң бұзушылықтар анықталды

2 494 просмотра

- Азаттық даңғылы, №64 үйдің жертөлелерінің суға кетуіне қандай себеп болды? ПИК-ті тексеру қалалық әкімдік жанындағы тұрғын үй инспекциясының құзырына кіре ме?

Валентин Булыгин, Азаттық даңғылы, №64 үйдің тұрғыны

Сұраққа қала әкімінің орынбасары Әділбек ЗАЙДУЛЛИН жауап берді:

- ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңының 41-1 бабына сәйкес, тұрғын үй қорларын басқару саласындағы мемлекеттік бақылау жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғалары жүргізген тексеру арқылы жүзеге асырылады.

Азаттық даңғылы, №64 үйдің тұрғыны В. Булыгиннің арызы бойынша «Атырау қалалық тұрғын үй инспекциясы» ММ аталған үйге қызмет көрсететін «Восток» ПИК-ке кондоминиум нысанының ортақ мүлігін қамтамасыз ету ережелерінің сақталуы бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді. Тексеру барысында ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңын бұзушылықтар анықталды. «Восток» ПИК төрағасы Василий ХАНҒА анықталған бұзушылықтарды жою талабы қойылған ұйғарым берілді. Табылған бұзушылықтардың бірі – жинақтаушы шоттың жоқтығы. ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңының 31-бабы 8 тармағында «кондоминиум объектісін басқару органы құрылған күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде әрбір кондоминиум объектісіне екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шот ашуға міндетті, оған үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің осы кондоминиум объектісінің ортақ мүлігін күтіп-ұстауға және ағымдағы жөндеуге жұмсалатын жарналары (төлемдері) аударылады» деп көрсетілген. Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кондоминиум объектісінің ортақ мүлігін күрделі жөндеуге қаражат жинақтау үшін ай сайын кондоминиум объектісін басқару органының жинақ шотына үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жиналысында айқындалатын мөлшердегі соманы енгізуге міндетті» деп көрсетілген.

Азаттық даңғылы, №64 үй жертөлелерінің суға кетуі турасына келсек, бөлім «Восток» ПИК-і мен «АтырауСуАрнасына» су кету себебін анықтап, жертөленің кәріздік жүйесіндегі ақауларды жою қажеттігі туралы хат жіберді. ПИК төрағасының айтуынша, жертөленің суға кетуіне жақын жердегі КСС-тың істен шығуы себеп болған. «АтырауСуАрнасы» КМК мамандары үйге зерттеу жүргізді. Қазіргі уақытта жертөле құрғатылды, кәріздік жүйеде ақаулар жоқ.

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

6 тамыз 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.