Атырау, 23 сәуір 13:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

​Мұнай бағасы 9 доллар болған

2 816 просмотра

Image 0Ұлттық банктің Атырау филиалы бірінші жартыжылдықтың қорытындылары бойынша баспасөз конференциясын өткізді.

Статистика департаментінің мәліметтері бойынша, маусымда тауарлар мен қызметтердің, соның ішінде азық-түлік тауарларының аз ғана арзандауы есебінен инфляция қарқыны болмашы төмендеп жатыр. Тұтыну бағасының индексі 2015 жылдың маусымында осы жылдың мамырындағы ахуал бойынша 99,8% (2014 жылдың осындай мерзімінде – 100,6%) құрады. Маусымда азық-түлік тауарларының бағасы 99,5 пайыз (2014 жылдың тиісті мерзімінде – 100,8 пайыз), азық-түлік емес тауарларға – 100 пайыз (2014 жылдың маусымы – 100,8 пайыз), ақылы қызметтерге – 100,1 пайыз (2014 жылдың маусымы – 100,2 пайыз) деңгейінде қалыптасты.

Инфляция қарқынының төмендеуін Ұлттық банк филиалының мамандары маусымдық фактормен түсіндіреді: жергілікті нарықта жергілікті жемістер мен көкөністердің пісуі есебінен ұсыныстар көбейді.

2015 жылдың 1 шілдесінде екінші деңгейлі банктер филиалдарының несиелері бойынша несие портфелі 305,4 млрд теңгені құрады – 2014 жылдың 1 шілдесінен бастап 2,6 пайызға артқан.

2014 жылдың 1 шілдесінен бастап салыстырғанда 2015 жылдың 1 шілдесінде несиелер бойынша мерзімі өткен бережақтар көлемі 7,3 пайызға азайып, 14,2 млрд теңгені құрады. «Нашар» несиелер үлесінің азаюын банктердің қарыздарды қайтару бойынша тиімді жұмыс істей бастағандығымен түсіндіреді: қарыздар сот арқылы қайтарылып, төлемдер клиенттердің жалақыларынан ұсталады, егер мүлкі болса, оны қалған қарыз сомасын өтеу есебінен өткізеді және т.б.

2015 жылдың қаңтар-маусымында екінші деңгейлі банктер 106,5 млрд теңге сомада несиелер берді, бұл 2014 жылдың қаңтар-маусымына қарағанда 29,9%-ға (45,4 млрд теңгеге) аз.

Маусымда заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген несиелер бойынша орташа сыйақы мөлшерлемесі 16,6% (2014 жылдың маусымында – 10,4%), жеке тұлғаларға – 16,0% (19,4%) құрады.

Екінші деңгейлі банктердің филиалдарындағы депозиттер бойынша қалдықтар 2014 жылдың 1 шілдесінен бастап салыстырғанда 16,2%-ға – 142,1 млрд теңгеге азайды. Мұнда ұлттық валютадағы салымдар үлесі 33%-ды (46,9 млрд теңгені), шетелдік валютада - 67%-ды (95,2 млрд теңгені) құрады.

Жалпы депозит бойынша жеке тұлғалар үлесі 66,9%-ды (95 млрд теңгені), заңды тұлғалар үлесі – 33,1%-ды (47,1 млрд теңгені) құрады.

2015 жылдың қаңтар-маусы-мында облыстағы айырбастау қосындары тұрғындардан 82,7 млн АҚШ долларын сатып алған, бұл 2014 жылдың қаңтар-маусымындағы көрсеткіштен 2,1%-ға көп.

Басқа валюталар бойынша да көбею байқалады: еуро 19,2%-ға – 3,1 млн, Ресей рублі 2,7 есеге – 1 135,9 млн рубль.

Облыстағы айырбастау қосындары 2015 жылдың қаңтар-маусымында тұрғындарға 393,7 млн доллар (33,9%-ға көп), 8,6 млн еуро (1,2%-ға көп), 4 982,6 млн Ресей рублін (3,4 есеге өсті) сатқан.

Бұрынғыша девальвация туралы өзекті мәселеге келер болсақ, Ұлттық банктің облыстық филиалы басшысы Қозыбақ ҚҰЛБАРАҚОВТЫҢ (суретте) айтуынша, көп нәрсе ішкі және сыртқы факторларға байланысты:

– Инфляция бойынша факторлардың екі тобы бар: біріншісі Ұлттық банктің қызметімен, екіншісі үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың қызметімен байланысты. Бірінші факторға келер болсақ: біз ашықпыз, дәліздің кеңеюі туралы алдын ала айтамыз. Бірақ біз ашық ғарышта өмір сүріп жатқан жоқпыз ғой. Қазір біз ДСҰ-на кірдік, біз ішкі және сыртқы факторларға тәуелдіміз. Сыртқы – бұл біз экспорттайтын тауарлардың: мұнайдың, түрлі түсті және қара металдардың, бидайдың бағасы. Ішкі – біздің үкіметтің қызметі.

Индустриалдық жобалар, ауыл шаруашылығы дамуда, жаңа жұмыс орындары ашылуда, халықты әлеуметтік қорғау белгілі бір қаржылардың бөлінуін қажет етеді... Байыпты сарапшылар мұнай өзінің түбіне дейін жеткенін, әрі қарай шегінетін жер жоқ екенін айтады. Көрерміз. Мұнай бағасы 9 доллар болған кезді де көрдік қой, бұл күні кеше ғана болды, әлі 20 жыл болған жоқ. Содан соң бағасы өсті. Тұрақсыздық болары сөзсіз, сондықтан болжау қиын.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

6 тамыз 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.