Атырау, 20 сәуір 17:58
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Бірінші сынып оқушылары үшін бес күндік сабақ туралы

14 450 просмотра

Image 0Келесі оқу жылынан бастап қазақстандық оқушылардың 5 күндік оқу аптасына көшу мүмкіндігі туралы жаңалық ата-аналар арасында дүрлігіс тудырды.

11 шілде күні ОКҚ-да өткен брифингте білім және ғылым министрі Асылжан СӘРІНЖІПОВ биылғы жылы 1 қыркүйектен бастап еліміздің 30 мектебінде «Назарбаев зияткерлік мектебі» тәжірибесін негізге ала отырып, бастауыш мектепке арналған, соның ішінде бес күндік оқу аптасын қарастыратын жаңа стандарттар қабылданатынын хабарлады. Жаңа стандарттар бойынша білімді қолданбалы қылуға, оларды қоғамға жақындастыруға мүмкіндік беретін жаңа бағдарламалар қарастырылған. Жаңа бағдарлама мен жаңа оқулықтар қабылданғаннан бір жылдан кейін бұл стандарт барлық мектептердің бастауыш сыныптарына енгізіледі. Біздің облысымызда аталған пилотты жобаға 2015-2016 оқу жылы бойынша №17 мектеп-лицей мен Исатай ауданындағы Мырзағалиев атындағы орта мектеп қатысатын болды. Дайындық жұмыстары үшін, яғни, мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайту, жаңа құрылғылар мен жаңа оқулықтар сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 40 млн теңге бөлінді. Сонымен қатар жаңа стандарттар бойынша жұмыс істейтін педагогтардың еңбекақысын 25 пайызға өсіру де жоспарлануда. Пилотта жобаға қатысатын барлық оқытушылар жыл бойына Астанадағы Назарбаев зияткерлік мектебі базасында оқудан өтетін болады. 2016-2017 оқу жылында жаңа стандартқа барлық мектептердің бірінші сыныптары , ал, 2017-2018 оқу жылында – 2 және 5 сыныптар, 2018-2019 оқу жылында – 3, 6 және 10 сыныптар, 2019-2020 оқу жылында – 4, 7 және 11 сыныптар, 2020-2021 оқу жылында – 1 және 8 сыныптар, 2021-2022 оқу жылында – 2, 5 және 9 сыныптар өтуі тиіс.

Ал, біздің мектептердің бес күндік оқуға көшуі турасына келетін болсақ, облыстық білім басқармасының бас маманы Айнагүл ЖҰМАҒАЗИЕВАНЫҢ айтуынша, бұл сұрақ әзірге министрліктің қарауында ғана жатыр. Бес күндік оқу аптасына, министр айтқандай, еліміздегі 30 пилотты мектептің, соның ішінде Атырау облысындағы жоғарыда аталған екі мектептің бірінші сыныптары ғана көшетін болар.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

31 шілде 2015, 12:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.