Атырау, 29 наурыз 17:16
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

ОПЕК мұнай өндірісінің көлемін азайтпайтындығын растады

2 452 просмотра

Image 0Алматы. 31 шілде. ҚазТАГ – ОПЕК мұнай картеліне кіретін мемлекеттер нарыққа Иран шығатынына және мұнай бағасының арзандауына қарамай, мұнай өндірісінің көлемін азайтпайтындығын растады. Бұл туралы Мәскеуде Ресей отын және энергетика министрі Александр Новакпен келіссөздерден соң ОПЕК басшысы Абдалла аль-Бадри мәлім етті деп хабарлады ВВС орыс қызметінен.

ОПЕК шешімі бойынша мұнай өндірісінің орташа тәуліктік нормасы 30 млн барр болып қалады, деп еске салды аль-Бадри.

«Біз өндірісті қысқартуға дайын емеспіз», - деді ол.

Оның пікірінше, шикі мұнайдың бағасының одан ары арзандауы күтілмейді. ОПЕК басшысы мұнайға деген сұраныс ағымдағы жылы және келесі жылы артады деп күтілуде.

Сондай-ақ аль-Бадри ОПЕК батыс елдерінің Иранға санкцияларды алып тастағанын қолдайтынын жеткізді.

А. Новактың есебінше 2015 жылы мұнайға жаһандық сұраныс тәулігіне 1,5-1,6 млн барр-ге өседі.

Жалпы алғанда РФ мен ОПЕК, 2016 жылы мұнайдың әлемдік нарығында жағдай тұрақталады деп отыр.

Дереккөз: ҚазТАГ

31 шілде 2015, 12:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.