Атырау, 20 сәуір 09:58
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

"Талибан" Кабулмен жаңа келіссөзді жоққа шығарды

1 126 просмотра

Image 0"Талибан" қозғалысының өкілі Забиулла Муджахид."Талибан" қозғалысының өкілі Ауғанстан үкіметімен келіссөздің жаңа кезеңі өтетіні туралы ақпаратты жоққа шығарды. "Талибан" өкілі Забиулла Муджахид бұған дейін ақпарат құралдарында жарияланған осы аптада Қытай я Пәкістанда жаңа келіссөз өтеді деген ақпаратты терістеді. Оның сөзінше, "Талибанның" келіссөзге қатысы бар саяси құрылымы "ондай келіссөзден бейхабар".

Бұған дейін Азаттыққа Кабул жағынан келіссөзге қатысушылар 31 шілдеде Пәкістанда ауған үкіметі мен "Талибан" өкілдері арасында бейбіт келіссөздің жаңа кезеңі басталатынын хабарлаған. Бірақ Кабул "Талибан" басшысы Мулла Мохаммад Омардың "әлдеқашан өлгені" туралы мәлімдегеннен соң келіссөз өткізу жайы белгісіз болып қалған.

"Талибан" өкілінің мәлімдемесінде я қозғалыстың өз құрылымдары арасында "Талибан" басшысының өліміне байланысты қайшылықтар шиеленісе түскені жайлы, я Мулла Омардың өлімі туралы ешнәрсе айтылмаған.

Дереккөз: azattyq.org

30 шілде 2015, 18:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.