Атырау, 28 наурыз 18:26
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Қоғамдық қор селден жапа шеккендерге 35 млн теңгеден астам қаражат жинады

4 226 просмотра

Image 0"Жаңа Алатау" қоғамдық қоры Алматыда селден жапа шеккендерді қолдауға үшкүн ішінде 35 миллион теңгеден астам қаражат жинады, деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

АСТАНА, 30 шіл — Қазақстан жаңалықтары АА. "Жаңа Алатау" қоғамдық қоры Алматыда селден жапа шеккендерді қолдауға үшкүн ішінде 35 миллион теңгеден астам қаражат жинады, деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Жаңа Алатау" қоғамдық қоры ұйымдастырған қайырымдылық шарасы аясында 2015 жылғы 27 шілде мен 29 шілде аралығында 35 миллион 311 мың 578 теңге жиналды", — делінген хабарламада.

Табиғат апатынан зардап шеккен Наурызбай ауданының тұрғындарын материалдық тұрғыдан қолдауға «Жаңа Алатау» қоғамдық қоры Халық банкінен шот ашқан болатын.

Қорға түскен қаржы нұқсан келген әлеуметтік ғимараттарды, инфрақұрылым нысандарын қайта қалпына келтіруге бағытталатын болды.

Естеріңізге сала кетейік, 23 шілде күні Қарғалы өзенінде су деңгейі көтеріліп, Алматы қаласының жоғары жағын сел басты. Наурызбай ауданының бірнеше елді мекені су астында қалды. Оқиға салдарынан 900 адам эвакуацияланды.

Дереккөз: newskaz.kz

30 шілде 2015, 18:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.