Атырау, 25 сәуір 16:01
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Астанада балконнан секіріп кеткен екі оқушы қыздың өлімінің себебі анықталды

2 149 просмотра

Image 0Астанада мамыр айында балконнан секіріп кеткен екі оқушы қыз сектаның ықпалына түскен. Бұл туралы ОКҚ брифингі кезінде ҚР ІІМ өте маңызды істер бойынша тергеу департаментінің аға тергеушісі Арман Мәтжан айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кәмелеттік жасқа толмаған екі қыздың сектаның ықпалына түскені анықталды. Олар Интернет арқылы "өмір - бұл ештеңе" деген сипаттағы хабарлама алған. Қазіргі уақытта мұндай сипаттағы хабарламаны таратқан адамдар анықталып жатыр. Балаларды мұндай әрекеттерге итермелеу Интернет арқылы жасалатындықтан, бізге хабарлама тарататын адамдарды анықтау техникалық жағынан қиынға түседі", - деді Мәтжан.

Еске сала кетейік, биыл мамыр айында Астанада екі оқушы қыз тұрғын үй балконынан секіріп кеткен болатын. Осы дерек бойынша тергеу амалдары басталды.

Дереккөз: tengrinews.kz

30 шілде 2015, 17:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.