Атырау, 24 сәуір 08:38
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Сәтсіз алаяқтық

2 294 просмотра

Image 0Атырау қаласының №2 соты саябақ учаскелерімен алаяқтық жасады деп айыпталған қала тұрғынына қатысты қылмыстық істі қарады.

Біз бұл іс туралы бұрын жазған едік Ауадан ақша жасаған» мақаласын қараңыз). 2015 жылдың сәуір айында Атырау қалалық ІІБ-ге 25 қалалық қол қойған арыз келіп түсті. Онда сотталып жатқан әйел адам оларға 2014-2015 жылдары Томарлының арғы жағындағы құс фабрикасы ауданынан саябақ учаскелерін сатып алуды ұсынған. Әрқайсысы оған иесіз учаскелерді олардың атына кері ресімдеу үшін 50 мың теңгеден алдын ала ақы берген (мәміленің жалпы құны 100 мың теңге). Кейбіріне әйел адам ақша алғаны жөнінде «Проектировщик А.» бағбандар қоғамының кассалық ордерін де ресімдеп берген. «Іскер» әйел осы қоғам төрағасының көмекшісі екен. Бірнеше адам бір учаскенің «иегері» атанды.

Сотта айыпкер өз айыбын ішінара мойындады. Ол зардап шегушілерге сол бір учаскені көрсеткенін растады.

Бірінші инстанция соты айыпкерді ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-тармағы 2-тармақшасында қарастырылған («Бірнеше рет жасалған алаяқтық») қылмыс жасады деп танып, 4 жылға бас бостандығын шектеп, мүлігін тәркілеуге үкім шығарды.

- Ол арнайы органдарға ескертпестен сағат 21.00-ден кейін қаладан шығып, белгілі бір жерлерге бара алмайды, - дейді облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай ҒАЛИЕВ. Осылардан бөлек айыпкер зардап шегушілерге келтірілген шығын сомасын қайтаруы қажет.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

30 шілде 2015, 17:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.