Атырау, 29 наурыз 09:39
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

«ИМ-ге қарсы ресми науқан күшейе бастады». «Ахметов ісімен сотталушылар "қысым көрдік" деді». «Түркия күрд автономиясынан көбірек сескенеді». «Жалақыны азайту туралы ұсыныс қарсылық тудырды». «Олимпиада өткізу жайлы қоғам пікірі екіге жарылды».

1 556 просмотра

AZATTYQ. ORG «ИМ-ге қарсы ресми науқан күшейе бастады» - Таяуда Қазақстан мұсылмандар діни басқармасына қарасты «Хикмет» студиясы түсірген «Шайтан жолындағы жыныстық жиһад» атты қысқа бейнефильм тарады. «Бұл – қауіптің алдын алу» дейді ҚМДБ өкілі.

«Козлов қатаң тәртіпті бараққа ауыстырылды» - Әлеуметтік алауыздықты өршітті деген айыппен түрмеге қамалған, тыйым салынған «Алға» оппозициялық партиясының бұрынғы жетекшісі Владимир Козлов енді «түрме ішіндегі түрмеге» ауыстырылды. Бұған дейін ол он тәулік бойы түрме карцерінде болған.

«Олимпиада өткізу жайлы қоғам пікірі екіге жарылды» - Халықаралық олимпиада комитеті 31 шілде күні Куала-Лумпурда (Малайзия) өтетін кезекті сессиясында 2022 жылғы қысқы олимпиаданы өткізетін қаланы таңдайды. Қазақстандық бірқатар спортшылар олимпиаданың Алматыда өткенін қаласа, кейбір азаматтық белсенділер Қазақстан олимпиадаға дайын емес деген пікірде.

«Жалақыны азайту туралы ұсыныс қарсылық тудырды» - «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы тамыздан бастап жұмысшылар жалақысын 25 пайызға азайтатынын мәлімдеді. «Қорғау» көміршілер кәсіподағы мен үкімет бұл қадамды заңсыз санайды. Жұмысшылардан әлі ашық шағым мен арыз түспеген.

«Ахметов ісімен сотталушылар "қысым көрдік" деді» - Қарағандыда бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовтың ісі бойынша өтіп жатқан сот тыңдауында Кейбір бұрынғы шенеуніктер әуелгі түсініктемелерінің күшін жоюды сұрады.

«Сырым Шалабаевтың ұсталғаны хабарланды» - "Литва астанасы Вильнюсте Мұхтар Әблязовтің балдызы, Қазақстан билігі «ірі көлемдегі ақша жымқыруға көмектескен» деп айыптаған Сырым Шалабаев ұсталды" деп хабарлайды литвалық Delfi ақпарат порталы.

«Түркия күрд автономиясынан көбірек сескенеді» - Вашингтон мен Анкара Сирияның солтүстігіндегі Түркиямен шекаралас аймақта «Ислам мемлекеті» тобынан азат аймақ» құру жоспарын жасап жатыр. Сарапшылардың айтуынша, Түркия осы жоспар арқылы ең алдымен аймақта күрдтердің күшеюіне тосқауыл қойғысы келеді.

ULT.KZ «Әбдішев ісіндегі күмәнді жайттар» - «Журналистер сәлем! Жігіттер, жақсылап жазыңдар!» Бұл – облыстың бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішевтің сот залынан шығып бара жатқанда айтқан сөзі. «Маған әділ бағаны халық береді», – деген экс-әкім өзінің ісі туралы барлық мәліметтің халыққа дұрыс жеткізілуін қалайды. Мұнысы өзінің ары таза екенін елі білсін дегені болар. Расында Б.Әбдішевтің қылмысқа қатысы бар екендігі үлкен күмән туғызады.


30 шілде 2015, 13:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.