Атырау, 20 сәуір 08:52
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Үнді мұхитынан MH370 ұшағына тиесілі болуы мүмкін сынық табылды

1 513 просмотра

Image 0Үнді мұхитының орта тұсында көрінген ұшақ қанатының сынығы жоғалып кеткен малайзиялық ұшаққа тиесілі болуы мүмкін.

АҚШ ұшу қауіпсіздігін зерттеу комиссиясы өкілінің сөзінше, сарапшылар бұл сынықтар бір жыл бұрын жоғалып кеткен Malaysia Airlines әуе компаниясының Boeing 777 ұшағына тиесілі деген болжам айтып отыр. Ұшақ сынықтары Үнді мұхитындағы Францияға тиесілі Реюньон аралының маңынан көрінген.

Франциялық құқық қорғаушылар фотоға түсірілген екі метрлік фрагментті зерттеп жатыр. Француз авиация сарапшысы Ксавье Тительманның айтуынша, сынықта көрінген сандар арқылы тексеру жүргізіледі және тексеру қорытындысы бірнеше күннен кейін жарияланады.

Malaysia Airlines компаниясының MH370 жолаушылар рейсінің ұшағы 2014 жылы наурыз айында жоғалып кеткен. Ұшақ бортындағы 239 адамның барлығы қаза тапты деп жарияланған.

Дереккөз: azattyq.org

30 шілде 2015, 13:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.