Атырау, 20 сәуір 09:03
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Биыл еліміздің су айдындарында 387 адам суға батқан

3 401 просмотра

Image 0АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖ комитеті, оның аумақтық және ведомстволық бағынысты бөлімшелері суға түсу мауысымын қауіпсіз өткізу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметінен.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде ТЖК жедел-құтқару жасақтарының құтқарушылары 657 адамды, оның ішінде 167 баланы құтқарды, 119 адамға, оның ішінде 32 балаға дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетілді.

Қабылданған шараларға қарамастан, көрсетілген кезеңде еліміздің су айдындарында 387 адам суға батты, оның ішінде 99-ы бала.

Барынша көп қаза болғандар Алматы, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола, Қызылорда, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелді.

Адамдардың суда қаза болуларының басты себептері қауіпсіздік ережелерін бұзу және су айдындарының жабдықталмаған учаскелерінде суға шомылу, сондай-ақ еліміздің шығыс, батыс және оңтүстік өңірлерінде тіркелген аномальды ыстық ауа райы болып табылады.

ТЖД аумақтық бөлімшелері күн сайын су айдындарындағы қайғылы оқиғалардың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Барлық жерлерде балалармен танымдық шаралар, интерактивті сабақтар өткізіледі, тұрғындар және балықшылармен әңгімелесулер мен дәрістер жүргізіледі. Профилактикалық жұмыстарға бұқаралық ақпарат құралдары қосылады.

Қала жағажайларында «Судағы жүріс-тұрыс ережелері», «Суда зардап шеккен адамдарға алғашқы медициналық көмек көрсету» тақырыптары бойынша 500-ден аса көрнекі стенд орнатылды.

Еліміздің су айдындарының жабдықталмаған және қауіпті учаскелерінде «Суға түсуге тыйым салынады» деген 555 тыйым салатын белгі орнатылды.

Су айдындары маңында орналасқан балалар демалатын лагерьлерге жоғары көңіл бөлінуде, ТЖД білім беру, денсаулық сақтау басқармаларымен, әкімдіктермен бірлесіп, балалардың судағы қауіпсіздігі бойынша іс-шаралар кешенін жүргізуде.

Еліміздің су айдындарында адамдардың қаза болуына жол бермеу мақсатында Комитеттің аумақтық бөлімшелері ішкі істер департаменттерімен бірге демалыс және мереке күндері суда жаппай демалу орындарында демалушы адамдармен қоғамдық жерлердегі жүріс-тұрыс ережелерін бұзуға жол бермеу бойынша рейдтер, сондай-ақ аса қауіпті акваторийлерде патрульдеу жұмыстарын жүргізуде, оның барысында халықпен су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары туралы алдын алу әңгімелері, дәрістері жүргізіледі.

Балалардың судағы өлімін болдырмау үшін, құтқару бөлімшелерінің қызметкерлері балаларға жүзуді үйрету бойынша жұмыс жүргізді. Балалар білім беретін және спорт мекемелеріндегі хауыздарда үйретілді. 2015 жылдың өткен кезеңінде 4 000-нан аса балаға жүзуді үйрету ұйымдастырылды. Осы бағыттағы жалғасуда.

Дереккөз: inform.kz

30 шілде 2015, 12:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.