Атырау, 29 наурыз 11:25
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Әблязовтің балдызы Литвада ұсталды

2 180 просмотра

Алматы. 30 шілде. ҚазТАГ – Кешегі сейсенбіде Вильнюсте интерпол 2 жылдан бері іздестіріп жүрген БТА банкінің директорлар кеңесінің экс-басшысы Мұхтар Әбләзовтың туысы Сырым Шалабаев ұсталды, деп хабарлады литвалық Ru.Delfi. басылымы.

«Вильнюсте интерпол іздестіріп жүрген (...) Сырым Шалабаев ұсталды. Екі жыл бұрын Біріккен Корольдық соты С. Шалабаевты 18 айға түрмеге отуға соттаған, бірақ ол қашып кетіп, оған іздеу жарияланған.

С. Шалабаев өзінің қайын ағасы, БТА банктің директорлар кеңесінің экс-басшысы Мұхтар Әбләзовпен және басқалармен бірге Қазақстанда, Украина мен Ресейде т.б. елдерде бірнеше миллиард доллар қаражатты талан таражға салған деп күдіктеледі», - делінген хабарда.

Сондай-ақ Украина да С. Шалабаевқа интерпол желісі арқылы іздеу жариялағаны айтылады.

«Украинада осы қазақ $300 млн қаражатты иеленіп кеткен», - делінеді хабарда.

Бұрын хабарланғандай, 2014 жылы 24 қазанда Лионны аппеляциялық соты БТА экс-басшысын Ресей мен Украинаға экстрадициялауды заңды деп тапты. Бұл ретте Ресей өтініші басымдықпен қаралды.

Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары «БТА Банкі» АҚ-ның 5 млрд АҚШ долларынан астам қаражатын ұрлаған және қылмыстық жолмен табылған табыстарды жылыстатқан ұйымдасқан қылмыстық топты құру мен оған басшылық жасау деректері бойынша қылмыстық істерді тергеуді жалғастыруда.

Аталған қылмыстық істер бойынша 2009 жылғы 6 наурызда М.К. Әбләзовқа оны ұстау мен экстрадициялау мақсатында қамауға санкция бере отырып, халықаралық іздеу жарияланған.

Мұнымен қатар бірқатар қылмыстарды жасау айыптары бойынша Ресей мен Украинаның құқық қорғау органдары М.К. Әбләзовқа іздеу жариялады

М.К. Әбләзовтың және оның сыбайластарының әрекеттері Кипр, Венгрия және Латвияның құқық қорғау органдарының қылмыстық тергеулерінің нысаны болып табылады. Ирландия мен Финляндияның уәкілетті органдары М.К. Әбләзовтың үлестес компанияларының қызметтерінде тексерістер жүргізуде.

Одан бөлек, 2012 жылғы ақпанда Ұлыбританияда Лондонның Жоғары Сотының шешімімен сотты құрметтемегені үшін М.К. Әбләзовқа 22 ай мерзімге түрмеге қамау түріндегі жаза тағайындалды, алайда ол ағылшындық сот төрелігінен бой тасалады.

2013 жылдың 2 тамызында Қазақстанның бас прокуратурасы Францияға М. Әбләзовты экстрадициялау туралы өтініш жіберген. Сондай-ақ экстрадиция туралы өтінішін Ресей де жолдаған.

2014 жылғы 9 қаңтарда француздық сот Украина мен Ресейдің экстрадиция туралы өтінішін қанағаттандырды. Бұл ретте француздар М. Әбләзовты Ресейге беруді басым деп шешті.

Бұл ретте, француздардың Liberation газетінің мәліметтерінше, БТА банк экс басшысы Франция түрмесінде аппеляциялық соттың оны экстрадициялау туралы шешіміне кассациялық шағымды қарастырғанша отырады.

М. Әбләзовты 2013 жылы шілдеде Францияда ұстады, ал 2014 жылы 24 қазанда Лионның аппеляциялық соты оны Ресей мен Украинаға экстрадициялау туралы шешімді заңды деп тапты және бұл ретте Ресейге экстрадициялауды басым деп таныды.

Дереккөз: ҚазТАГ

30 шілде 2015, 12:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.