Атырау, 25 сәуір 13:02
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​Нағыз кәрісше ән салды

3 921 просмотра

Атыраудағы Достар Үйінде республикалық «Ариран» кәріс әндері фестивалінің іріктеу туры өтті.

Егер бұрынғы жылдары фестивальға тек этникалық кәрістер ған іріктелсе, қазір атыраулық «Тхоньил» этно-мәдени бірлестігі барлық ниет білдірген адамдарға өз өнерлерін көрсетуге рұқсат берді. Басты талап – байқауға қатысушылар қазақ және кәріс тілінде екі ән орындаулары керек. Байқау комиссиясы қатысушылардың тек вокалдық қасиеттерін ғана емес, әртістік шеберліктерін, мемлекеттік және кәріс тілдерін меңгеру деңгейлерін бағалады.

Бірінші орынды және «Ариран» кәріс әндерінің республикалық фестивалінде өңіріміздің намыс қорғау құқығын Жылыой ауданынан келген 17 жастағы Байбақты ІДІРБАЙ (суретте) иеленді. Д. Нұрпейісқызы атындағы Ұлттық музыка академиясының екінші курс студенті әділ қазылар мен көрермендерді алдымен қазақтың термесін орындап тәнті етсе, кейіннен кәрістің халық әні «Ариранды» қоңыр баритон даусымен орындағанда залдағылардың үлкен қошеметіне ие болды.

Байбақтының айтуынша, ол байқауға үлкен жауапкершілікпен дайындалған:

- Сөзі де, сазы да керемет өлеңді жүрегіңмен орындамасаң, түкке тұрғысыз болып қалады. Ал бұл үшін өлеңді түсініп, маңызын білу керек. Маған бұл жағынан анамның танысы София ТЕ көп көмектесті, ол маған әннің мазмұнын түсіндіріп қана қойған жоқ, сөздердің дұрыс айтылуын қадағалап, жаттаттырды. Шынымды айтсам, дайындық ауыр өтті, кәріс тіліне тілімді келтіру өте қиынға соқты. Алайда мен әннің өзіне, байқау идеясына қызыққаным соншалық, шегіну туралы ой да болған жоқ.

Дайындық барысында Байбақтыға кәрістің халық әні «Ариранды» қазақтың домбырасымен сүемелдеп айту идеясы келді.

- Алдымен домбырамен сүйемелдеп айтсам ба екен деп ойландым. Кейін домбыраны эстрадалық музыкамен қосқым келді. Алайда тәуекелге бел буа алмадым, өйткені кәріс тілінде айтудың өзі мен үшін үлкен сын еді. Ақырында эстрадалық сүйемелдеумен айтып шықтым.

Керемет болып шықты! Сөздерінің дұрыс айтылуы бойынша «Тхоньил» ЭМБ-нің кәріс тілі оқытушысы, Сеулде туып-өскен Ли ТЭ ГЕН жоғары баға берді. Байбақты іріктеу турының сөссіз жеңімпазы атанды.

17 жастағы Аружан ДӘЛДІРБЕКОВА да әділ қазылардың жоғары бағасын алды. Ол алғашқылардың бірі болып өтінім беріп, аянбай дайындалды. Алайда осы байқаудың алдында маңызды вокал сайысына қатысу үшін Алматыға ұшуға тура келіпті. Дегенмен, ол байқауға өз номерін бейне жазбаға түсіріп жіберіп, «сырттай» қатысты және екінші орын алды.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

30 шілде 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.