Атырау, 24 сәуір 07:05
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

​Жеңілдіктің жыры

2 260 просмотра

– Жақында әлеуметтік жоба шеңберінде «Атаба» компаниялар тобы зейнеткерлер үшін тауарларға 10 пайыз жеңілдік ұсыну туралы меморандумға қол қойды. Мен зейнеткермін, бірақ «Атаба» уәде еткен жеңілдік картасын ресімдей алар емеспін. Жилгородоктағы «Атаба» супермаркетінде уәде етілген жеңілдік картасын ресімдеу үшін маған алдымен 3000 теңгеге тауар алу керектігімді айтты. Тек осыдан кейін ғана мен картаны ресімдей алады екенмін. Онда да тек әртүрлі күні белгілі бір азық-түліктерге ғана жеңілдік ұсынады. Мәселен, бір күні әлдебір сүт өнімі, басқа күні – жармалар және т.б. Яғни, меморандумға қол қойылған кезде айтылғандай уәде етілген жеңілдікті мен әр уақытта пайдалана алмаймын.
Балықшыдағы «Атаба» супермаркетінде маған картаны тек дүйсенбі мен бейсенбіде ғана ресімдей алатынымды және жеңілдіктің тек нан мен сүтке ғана қолданылатынын айтты.
Зейнеткерлерге осы картаны ресімдеу үшін нақты шарты қандай екенін білгім келеді. Уәде етілген 10 пайыздық жеңілдік қандай тауарларға беріледі?

Телефон арқылы

Сұраққа «Атаба» компаниясының маркетологы Ұлан ИМАНҚҰЛОВ жауап берді:

– Іске қосылған әлеуметтік жоба зейнеткерлерге белгілі бір уақыттан көп және белгілі бір тауарларға 10 пайыз жеңілдік ұсынады. Жеңілдік картасын ресімдеу үшін кез келген уақытта кез келген супермаркетке баруға болады. Өзімен бірге зейнеткерлік куәлігі болу керек. Жеңілдік дүйсенбі мен бейсенбіде сағат 10-нан 13-ке дейін белгілі бір тауарларға жасалады. Қандай тауарларды жеңілдікпен алуға болатындығы туралы тек дүкенге белгіленген уақытта келген кезде білуге болады. Бұдан басқа, супермаркеттерде жеңілдік картасы бар барлық сатып алушылар үшін жеңілдіктер бар. Жеңілдіктер арнайы қызыл баға көрсеткіші бар тауарларға қолданылады. Барлық туындаған сұрақтар бойынша қала тұрғындары 75-52-55 және 75-53-55 телефон нөмірлері арқылы хабарласа алады.


30 шілде 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.