Атырау, 20 сәуір 02:30
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Алматы метросының экс-директоры ақша жымқырды деген күдікпен 2 айға қамалды

2 254 просмотра

Image 0"Метрополитен" КМК экс-директоры Мұрат Өкшебаев екі айға қамауға алынды, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіндегілер хабарлады.

"Өкшебаевты қамауға алу туралы санкцияны Медеу аудандық соты 24 шілдеде шығарды. Адвокат ол қаулыға шағым түсірді. Күдікті Өкшебаев уақытша тергеу изоляторында отыр", - деді соттағылар. Олардың мәлімдеуінше, Өкшебаевқа қатысты ірі көлемде ақша жымқырды деген күдік пайда болды.

Еске сала кетейік, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Метрополитен" КМК экс-директоры, Алматы мәслихатының депутаты Мұрат Өкшебаевты өткен аптада ұстады. Алайда бұл кеше, 28 шілде күні ғана белгілі болды. Айта кетейік, 2009 жылы Өкшебаев 120 миллион теңгені мақсатсыз жұмсағаны үшін әріптестерімен бірге үй қамауына алынған болатын. Алайда кейін Өкшебаев босатылып, жұмысына оралды. Соңғы кездері ол қала мәслихатының депутаты болып қызмет етті.

Дереккөз: tengrinews.kz

29 шілде 2015, 11:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.