Атырау, 29 наурыз 17:06
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Жүрекке пышақ салды

3 004 просмотра

Image 027 шілде күні түнде Құрманғазы АІІБ-нің кезекші бөліміне Котяевка ауылындағы үйлердің арасында ер адамның мүрдесі жатқандығы туралы хабарлама келіп түсті.

Полицейлер марқұмның жеке басын анықтады, бұл - Ганюшкино поселкесінің 46 жастағы тұрғыны екен. Және оның өлімінің себебі – пышақ салғаннан болған. Көп кешікпей күдікті ретінде Котяевкада тұратын 35 жастағы әйел ұсталды. Әйелдің айтуынша, оған танысы келген, ол мас күйде болған. Бір уақытта ер адам оған қарай ұмтылып, оны зорламақшы болыпты. Ал бұл асүй пышағын алып, оның жүрек тұсынан ұрған, ер адам сол жерде көз жұмды.

- Бұл әйелге қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-тармағымен («Адам өлтіру») қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүруде, - дейді Құрманғазы ауданы прокурорының орынбасары Магилан РАХИМОВ. – Ол уақытша ұстау изоляторына орналастырылды.

Ләззат КАРАЖАНОВА

28 шілде 2015, 12:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.