Атырау, 25 сәуір 13:58
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Мақат ауданында жаңа әкім

3 839 просмотра

Image 027 шілдеде Мақат ауданының әкімі ауысты. Жаңа әкім болып бұрын облыстық білім беру басқармасының басшысы қызметін атқарған Берікқали СӘРСЕНҒАЛИЕВ тағайындалды. Облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ оны жергілікті активке таныстыру үшін Мақатқа келді.

Б.Сәрсенғалиев 1961 жылы Қызылқоға ауданы Миялы ауылында дүниеге келген. «Ветеринария» мамандығы бойынша ауыл шаруашылығы техникумын бітірген, Қызылқоға ауданы Абай атындағы совхозда ветеринар болып жұмыс жасаған. 1989 жылы «тарих және қоғамтану» мамандығы бойынша Гурьев педагогикалық институтын бітірген. 1990-1997 жж. Қызылқоға ауданының маманы, кейін облыстық мәслихат аппаратының басшысы, 2009-2012 жылдары – Қызылқоға ауданының әкімі, 2012-2013 жылдары – Индер ауданының әкімі, 2013 жылдың 27 маусымынан бастап облыстық білім беру басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.

Б.Ізмұхамбетов активте хабарлағандай, Мақат ауданының бұрынғы әкімі Ерболат УМАРОВ «лауазымынан басқа жұмысына ауысуына байланысты босатылған».

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

28 шілде 2015, 10:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.