Атырау, 19 сәуір 14:13
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Спорт жаңалықтары

2 449 просмотра

ММА

Image 2Лас-Вегаста UFC (Абсолюттік чемпионат) қолдауымен өткен ММА-дан ІІ әлем чемпионатынан облыстың панкратион құрамасы үлкен жетістікпен оралды. Қазақстан құрамасы ұтқан екі күмістің біреуі атыраулық спортшылардың еншісінде.

61 келіге дейін салмақта өнер көрсеткен Нұртілек Қонашев турнирдің қаһарманы атанды. Финалға дейін ол үш айқас өткізіп, барлығында тұншықтыру және ауырту тәсілдерін қолданып, мерзімінен бұрын жеңді. Алайда ақтық айқаста Нұртілектің өзі «гильтонға» (тұншықтыру тәсілі) түсіп қалды. Оның қарсыласы – американдық спортшының бойы да, салмағы да біздің спортшымыздан көп артық болды.

Нұртілектің панкратионнан спорт шеберлігі нормативін биыл ғана қорғағанын, бұл оның шетеге алғаш шығып отырғанын да атап өткен жөн.

Құрамадағы екінші өкіліміз Абылау Төлешев 65,8 келіге дейін салмақта өнер көрсетті. Алғашқы айқаста оған әлем чемпионы, алаң иесі қарсы тұрды. Төрешілер өз шешімімен жеңісті американдыққа берді.

- Абылай бұл айқаста жеңіске жетті, алайда төрешілер жеңісті қарсыласына берді, жарыс қорытындысында ол екі дүркін әлем чемпионы атанды,- дейді панкратионнан облыс құрамасының аға жаттықтырушысы Сағындық МЕКЕЕВ.- Айқастан кейін бізге промоутерлер келіп, спортшыларымыздың жоғары шеберлігін атап өтті. Бізді TUF Халықаралық жекпе-жек ұйымының турнирлеріне, Бахрейн шейхының жүлдесіне арналған кәсіпқойлар айқасына және Ұлыбританияның абсолюттік чемпионатына шақырды.

Мәдени бағдарламалар аясында UFC-EXPO көрмесі өтті, сол жерде спортшыларымыз көптеген атақты адамдармен танысып, суретке түсуге мүмкіндік алды. Жігіттер бұл сапарға өте риза.

Сурет С. Мекеевтікі

***

Су добы

Image 1«Мұнайшы» орталық жүзк бассейнінің су добы секциясының шәкірттері Қазақстан кубогын ұтып алып, 2002 ж.т. және одан кіші жасөспірімдер арасында ел чемпионатының екінші турында сәтті өнер көрсетті.

Жарыстар Астанада өтті. «Атырау» командасы Кубок аясындағы барлық матчтарда жеңіске жетіп, чемпионаттың кезекті турында жақсы өнер көрсетті. Екі тур қорытындысынан кейін «Атырау» 8 команданың ішінде турнир кестесіндегі екінші орнын сақтап қалды (бірінші орында Қарағанды). Команданы Ернұр Қойлиев пен Бағдат Дінбаев жаттықтырады. Олардың айтуынша, бұл жарыстарда барлық балалар да жақсы ойнады, алайда шабуылшы Нұрдәулет Қоныс, қорғаушы Никита Ковальчук және команда капитаны Диас Кенжеғұл ерекше көзге түсті.

***

Футбол

Image 3«Судоремонтник» стадионында Балықшылар күніне арналған ардагерлер арасында футболдан турнир өтті.

Турнирді облыстың футбол ардагерлері Амангелді Нәсиев пен Халит Жамалетдинов ұйымдастырды. Оған бұрынғы «Атырау балық» АҚ-тың командасы – «Каспий», су шаруашылығы басқармасының «Мелиоратор» командасы және облыстың футбол ардагерлерінің «Атырау» командасы қатысты. Кезінде белгілі ойыншы болған Асқар Балашов алаңда төрешілік етті.

Турнирдің ашылу рәсімінде «Атырау Балық» АҚ ардагерлері Қ. Әлиев, И. Қалмұрзин, С. Сақауов, ауылдық округтар әкімдері Қ. Хабиев, Е. Тапанов сөз сөйледі.

Турнир қорытындысы бойынша «Каспий» 1-орын, «Мелиоратор» 2-орын, «Атырау» 3-орын алды. Үздік ойыншылар: қақпашы – Мұрат Исмағұлов, қорғаушы – Владимир Мартынов (екеуі де «Атыраудан»), жартылай қорғаушы – Болат Қунатыров, шабуылшы – Нәбижан Қуанышев (екеуі де «Мелиоратордан»). Иса Балашов («Каспий») турнирдің ең үздік ойыншысы атанды

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

23 шілде 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.