Атырау, 23 сәуір 12:19
 бұлттыВ Атырау +26
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

​5 миллион теңге айыппұл жазасын алды

2 832 просмотра

Image 0Атырау қалалық №2 соты Атырау селолық округінің бұрынғы әкіміне қатысты қылмыстық істі қарады.

Атырау селолық округінің әкімі Т.И.-ды ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің қызметкерлері жеке кәсіпкер С.-дан 110 мың теңге сомада пара алды деген күдікпен ұстады.

Сот отырысы барысында 2015 жылдың сәуірінде шенеунікке дүкені мен шаштаразы орналасқан жер телімін кеңейту жөніндегі өтінішпен жеке кәсіпкердің жүгінгені анықталды. Әкім бұл үшін ақша сұрап, алдымен 30 мың, кейін тағы 80 мың теңге алған.

Атырау қалалық №2 сотының үкімімен ол ҚР ҚК-нің 366-бабында («Пара алу») қарастырылған қылмысты жасауда кінәлі деп танылды. Оған мүлкін тәркілеумен қатар, 5 500 000 теңге көлеміндегі айыппұл түрінде және өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымды атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

16 шілде 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.