Атырау, 29 наурыз 05:46
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Қазіргі мөлшерлемелер қандай?

2 062 просмотра

РФ-нан әкелінген, қозғалтқыш көлемі 3000 текше см-ден жоғары болатын көліктің қожайындары салықты қандай мөлшерлемемен төлейді?

azh.kz сайтынан

Қазақстанда есепте тұрған көлік құралына салынатын салық ҚР Салық кодексінде қарастырылған мөлшерлемеге сай есептеледі. Бұл орайда көлік құралы РФ-дан, БР немесе Германиядан әкелінген бе, маңызды емес.

Сіздің жағдайда қозғалтқыш көлемі 3 000 текше см-ден жоғары болатын көлік үшін келесі мөлшерлемелер қолданылады: қозғалтқыш көлемі (текше см): 3 000-нан жоғары 3200 текше см-ге дейін 35 АЕК; 3 200-ден 3 500 текше см-ге дейін 46 АЕК; 3500-ден 4 000 текше см-ге дейін 66 АЕК (1 АЕК 2015 жылы 1 982 теңгеге тең).

Сондай-ақ, салық сомасы қозғалтқыш көлемінің тиісті төменгі шегінен әрбір асқан бірлік үшін 7 теңгеге көбейетінін ескеру керек. Мәселен, егер қозғалтқыш көлемі 3 100 текше см-ге тең болса, онда алынған көбейтіндіге (35 АЕК х 1 982 теңге = 69 370 теңге) 700 теңгені (100 текше см х 7 теңге= 700 теңге) қосамыз. Нәтижесінде сізге салық қазынасына 70 070 теңге салу керек болады.

16 шілде 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.