Атырау, 29 наурыз 18:55
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Жас отбасы жас болуы тиіс

3 495 просмотра

– Отбасымыз «Жас отау» бағдарламасы бойынша баспана алу конкурсына қатысқысы келген. Күйеуім екеуміз мемлекеттік қызметкерміз, оның жасы 28-де, мен 25 жастамын. Құжаттарды қайда тапсыру керек?

Сұраққа Атырау облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Арман АЗАМАТОВ жауап берді:

– Мамырда жас отбасыларға арналған 120 пәтерлік үйдің құрылысы басталуы тиіс, 150 орындық отбасылық жатақхана құрылысына жобалау-сметалық құжаттама дайын.

Жас отбасы үшін екі бағдарлама жұмыс істейді. «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасына кіретін республикалық «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы. Бұл бағдарлама бойынша үйлер репсубликалық бюджет қаржысына салынады.

Бұдан басқа, «Жас отау» облыстық бағдарламасы бар. Оның операторы - жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма. Бұл жағдайда құрылыс облыс бюджетінің қолдауымен жүргізіледі. Өткен жылы «Жас отау» желісі бойынша Нұрсая ықшамауданында 90 пәтерлік үй салынды, қазіргі уақытта ғимарат мемлекеттік қабылдау процедурасынан өтуде. Баспананы бөлу құжаттары өткен жылдың қыркүйегінде қабылданды. Бағдарламаға қатысуға жас отбасылардан 1 420 өтінім түсті. Алайда осы мемлекеттік бағдарлама бойынша заңнаманың барлық талаптарына 711 өтінім сай келді. Басқа өтінімдердің өтпей қалу себептері алуан түрлі. Соның ішінде еңбекақының төменгі деңгейі. Ал бас тартудың ең көп тараған себебі - өтінім берушілердің 29 жастан жоғары болуы, бұл үміткерлерді «жас отбасы» санатына қосуға мүмкіндк бермейді.

Биыл Нұрсая ықшамауданында да 120 пәтерлік жаңа үйдің құрылысы басталды. Қазіргі кезде нөлдік цикл жұмыстары жүргізілуде. Осы үйден пәтер алуға құжаттарды шамамен қазан айында қабылдай бастады. Құжаттарды қабылдауды толық мемлекеттік қатысудағы «Жас отау Атырау» ЖШС жүргізеді. Кәсіпорынның кеңсесі Әбдірахманов, 29 (Алмагүл ықшамауданы) мекенжайында орналасқан. «Жас отау» бағдарламасы бойынша баспана алуға үміткерлер келесі талаптарға сай келуі тиіс: ерлі-зайыптылардың жасы 29-дан аспауы тиіс, айлық табысы 60 мыңнан төмен болмауы және 350 мың теңгеден жоғары болмауы тиіс. Баспана бөлу кезекте тұрушылардың бірнеше санаты бойынша жүргізіледі: ерлі-зайыптылардың бірі немесе екеуі де мүгедектер, мүгедек балалары бар, ерлі-зайыптылардың бірі өз саласында – спортта, өнерде, кәсіби қызметте белгілі бір жұртшылық мойындауына ие болса. Үміткерлердің келесі санаты – бюджет қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілер. Соңғы санат – басқа кезектегілер.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен жеңілдікпен несие алу механизмі мынадай: үміткер 3, 5 немесе 8 жыл ішінде банктен пәтер құнының 50 пайызын жинақтауы және қалған соманы банктен алуы тиіс. Несие мөлшерлемесі жинақ түріне қарай 3-тен 7 пайызға дейін болады. Тұрғындар баспана құнының жартысын жинақтағанша, ол мемлекет меншігінде болады. Ал банктегі депозитте пәтер құнының 50 пайызы жиналған кезде, бұл Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне несие беруге мүмкіндік береді. Баспана алушының атына көшіріледі.

16 шілде 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.