Атырау, 25 сәуір 11:26
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​Жаяу жүргіншілер жолы қайда?

5 754 просмотра

– Нұрсая ықшамауданынан қала орталығына қарай автобустар жүйелі қатынамайды. Нұрсаяның көптеген тұрғындары орталыққа дейін жаяу жетуге мәжбүр. Ал Құрманғазы көшесінен Нұрсаяға дейінгі қиылыста және Құрманғазы көшесінің бойынан «Тамаша» сауда үйіне дейінгі Бейбарыс даңғылының бойында жаяу жүргіншілер жолы жоқ. Жаяу жүргіншілер көлік жолымен өтетіндіктен аталмыш көлік жолдарында жол-көлік оқиғасы жиі туындайды, жаяу жүргінші жолы қашан салынады?

Майра Б.

Сұраққа қала әкімінің орынбасары Әділбек ЗАЙДУЛЛИН жауап берді:

– «ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңның 60-бабының 1-тармағына сәйкес, нысандардың және олардың кешендерінің құрылысы (реконструкциялау, қалпына келтіру, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделі жөндеу), сондай-ақ коммуникацияларды төсеу, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру белгіленген тәртіппен бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына, елді мекеннің бас жоспары негізінде орындалған құрылыс салу жобасына сәйкес әзірленген жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы бойынша жүзеге асырылады.
Нұрсая ықшамауданы тұрғындарының Құрманғазы көшесінен Нұрсая ықшамауданына дейінгі қиылыста және Құрманғазы көшесінің бойынан «Тамаша» сауда үйіне дейін Бейбарыс даңғылының бойына жаяу жүргіншілер жолын салу туралы өтініші жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жобасына енгізіліп, қаржы бөлінген жағдайда ескерілетін болады.

16 шілде 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.