Атырау, 19 сәуір 23:02
 ашықВ Атырау +27
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​Көшедегі проблемалар

1 897 просмотра

– СМП-163 ықшамауданындағы Коттеджная көшесінің қалған бөлігін (320 метрін) қашан асфальттайды? Ескі су құбыры қашан ауыстырылады? Көшедегі тозығы жеткен ескі электр желілері қауіп тудырады. Алты жыл бұрын осы көше бойында қосалқы станция салынатындығын айтқан еді. Алайда содан бері ештеңе өзгермеді. Бұл мәселелер қашан шешіледі?

Коттеджная көшесінің тұрғындары

Сұраққа қала әкімінің орынбасары Әділбек ЗАЙДУЛЛИН жауап берді:

– 2011 жылғы 16 шілдедегі №242 «ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңның 60-бабының 1-тармағына сәйкес, объектілердің және олардың кешендерінің құрылысы (реконструкциялау, қалпына келтіру, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделі жөндеу), сондай-ақ коммуникацияларды төсеу, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру белгіленген тәртіппен бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына, елді мекеннің бас жоспары негізінде орындалған құрылыс салуға сәйкес әзірленген жобалау (жобалау-смета) құжаттамасы бойынша жүзеге асырылады.

Биыл СМП-163 ықшамауданындағы Коттеджная көшесін асфальттауға ЖСҚ жасақталды. Жол-құрылыс жұмыстарын осы жылы жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Көше бойындағы су құбыры желісін күрделі жөндеу ЖСҚ жасақтауға қажетті нысандар тізіміне енгізілді.

СМП-163 ықшамауданындағы Коттеджная көшесінің электр тарату желілері Атырау теміржол ЭЧ-4 балансында тұр. Осы желілерді коммуналдық меншікке қабылдау үшін күрделі жөндеу жүзеге асырылуы тиіс.

9 шілде 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.