Атырау, 25 сәуір 12:51
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

TI: Шығыс Еуропа елдерінде коррупция қаупі бар

1 646 просмотра

Image 0Transparency International (ТІ) халықаралық ұйымы жаңа есебінде Шығыс Еуропадағы бес елде коррупцияға қарсы күресте алға ілгерлеушілік байқалмайтынын айтып, бұл мемлекеттерде демократиялық процестер мен Еуропа Одағымен ынтымақтастықты тереңдету болашағына қауіп барын ескерткен. Баяндамада Армения, Әзербайжан, Грузия, Молдова және Украинадағы коррупцияға қарсы іс-әрекетке жауапты ондаған мекеменің жұмыстарына талдау жасалған.

Еуропа Одағы осы елдерге қаржылай көмек ретінде алдағы бес жылда кемінде 16,6 миллиард доллар бөлуге ниетті. ТІ ұйымы бұл қаржының коррупционерлер қалтасына түсіп кету қаупі «өте жоғары» деп ескертіп отыр. Баяндамада әлгі елдерде қабылданған заңдарға қарамастан олардағы саяси және бизнес элитаның сот және заң шығару биліктеріне ықпалы зор екені коррупцияға дем беріп отырғаны айтылған.

Сарапшылардың мәліметі бойынша, «саяси астары бар сот шешімдері мен үкіметтің сот процедурасын айналып өту мақсатында іске араласуы әсіресе Украина мен Молдовада өте өзекті мәселе болып отыр». ТІ ұйымы есебінде аталған аймақта азаматтық бақылау жасайтын үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ-қа қарсы қысымдар, Армения мен Әзербайжанда «белсенділер мен журналистерді қорқытып-үркіту, қамау және қысым жасау» әрекеттері күшейіп отырғаны айтылған.

Дереккөз: azattyq.org

3 шілде 2015, 11:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.