Атырау, 19 сәуір 10:21
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Бастауыш мектеп балаларын тамақтандыруды бюджет енді көтере алмайды

3 038 просмотра

Image 0Алдағы оқу жылында Атырау облысы мектептерінде тегін ыстық тамақпен тек аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушылар ғана қамтамасыз етіледі. Қалған оқушылар үшін тамақ ақылы болады.

Бұл туралы «АЖ»-ға облыстық білім беру басқармасының басшысы Берікқали СӘРСЕНҒАЛИЕВ хабарлады.

- Жаңа оқу жылы басталғанға дейін облыстың барлық 193 мектебі асханамен жабдықталатын болады. Бүгінде Атырау қаласының асханамен жабдықталмаған 8 мектебінде осындай орынжайлар салынып жатыр, бір мектептің асханасына күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр, - дейді Сәрсенғалиев.

Естеріңізге салсақ, өткен жылы облыс мектептерінде 1-4 сыныптың барлық оқушылары мен аз қамтылған отбасы балалары тегін тамақпен қамтамасыз етілген еді. Атырау облысы бастауыш сынып оқушыларына тегін ыстық тамақ беру жергілікті бюджеттен қаржыландырған еліміздің бес өңірінің қатарында болды. Үстіміздегі жылдың қаңтар айында білім және ғылым министрлігі «жергілікті бюджеттердің қысқаруына байланысты» бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтандыруды тоқтату туралы мәселе туындауы мүмкін деп хабарлаған еді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

3 шілде 2015, 10:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.