Атырау, 20 сәуір 01:58
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Мемлекет басшысы бірқатар елшіні тағайындау туралы жарлыққа қол қойды

2 511 просмотра

Image 0Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар елшіні тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайдыАқорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

Қазақстан Республикасының Иордан Хашимиттік Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Азамат Рахманқұлұлы Бердібай Қазақстан Республикасының Ирак Республикасындағы, Ливан Республикасындағы, Палестина Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне;

Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Дулат Оразбекұлы Қуанышев Қазақстан Республикасының Кипр Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінқоса атқарушы қызметіне;

Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Болат Серғазыұлы Сәрсенбаев Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды.

Дереккөз: bnews.kz


3 шілде 2015, 09:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.