Атырау, 24 сәуір 14:00
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

​Мамандықтары бар

1 798 просмотра

Image 029 маусымда жоғарғы техникалық АРЕС Petrotechnic мектебінде «Мамандыққа кіріспе – алғашқы жұмысшы мамандығын алу» арнайы жобасының 145 түлегі білім беру курсын аяқтағандығы жөнінде сертификаттар алды.

Естеріңізге салсақ, өткен жылдың қыркүйегінде АРЕС Petrotechnic базасында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және CNPC қолдауымен мұнай-газ саласының сұранысқа ие жұмысшы мамандықтары бойынша жас мамандарды даярлауға бағытталған Қазақстандағы алғашқы жоба іске қосылды. 10 ай оқуға есептелген ол әлеуметтік осал топтардан шыққан жастарды (ауыл мектептерінің, балалар үйі мен жасөспірімдер үйінің түлектерін, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларын), сондай-ақ, кәсіби уәжделген мектеп түлектері мен мұнайшы еңбеккерлер әулетінен шыққан балаларды оқытуға бағытталды.

Оқыту ағылшын тілінде шетелдік British Council (Ұлыбритания) және Specialized Petroleum Technologies (АҚШ) серіктестерінің қатысуымен өткізілді. Балалар мұнай-газ өнеркәсібіндегі математикалық есептеулер, мұнай-газ өнеркәсібіндегі химиялық процестер, STEM бағдарламасы бойынша ағылшын тілі секілді жалпы кәсіби пәндер бойынша оқытылды.

«Арнайы пәндер», «Өндіру және мұнай өңдеу» (GSE Systems) модулі бойынша теориялық және практикалық сабақтар АРЕС Petrotechnic оқу орны жабдықталған жаңа симуляторлардың көмегімен өтті.

Түлектердің барлығы халықаралық үлгідегі сегіз сертификат пен қазақстандық үлгідегі бір сертификатты алды. Алған білімдері түлектерге жұмысқа орналасуға немесе АРЕС Petrotechnic-те оқуын жалғастыруға мүмкіндік береді.

Тамара СУХОМЛИНОВА

2 шілде 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.