Атырау, 29 наурыз 13:17
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Ауыз су: «Жазда өте қиын»

3 996 просмотра

Image 0Облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен және «АтырауСуАрнасы» КМК-мен бірге семинар өткізді. Халықтың ауыз сумен қамтылу мәселелері талқыланды.

ЕНДІГІ МЕЖЕ – 80 ПАЙЫЗ

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ақылбек БАЙШАХАНОВ мемлекеттік «Ақ бұлақ» бағдарламасының орындалу барысына тоқталып өтті.

- 2011-2020 жылдарға арналған бағдарлама шеңберінде облыс елді мекендерінде 98 сумен жабдықтайтын жобалардың құрылысы іске асырылуда. 2011-2014 жылдары 84 нысанның құрылысы аяқталып, тапсырылған. Қалған 14 нысандар 2015-2016 жылдарға ауыстырылды. Мәселен, 2014 жылы 66 нысан пайдалануға берілді. Олар: Құрманғазы ауданы бойынша - 18 нысан; Индер ауданы бойынша - 15 нысан, Махамбет ауданы бойынша - 6 нысан; Қызылқоға ауданы бойынша - 15 нысан; Исатай ауданы бойынша - 9 нысан; Жылыой ауданы бойынша - 2 нысан, Мақат ауданы бойынша 1 нысан. Әңгіме су құбырының құрылысы және жаңғырту жұмыстар, сондай-ақ, су тазарту қондырғылары жөнінде болып отыр.

А.Байшахановтың айтуынша, бүгінгі таңда облыс елді мекендерінің орталықтандырылған ауыз сумен қамтылу деңгейі 52 %-дан 75 %-ға өскен немесе 164 ауылдық елді мекеннің 123 ауылында су жүйелері бар. Ендігі меже - ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейін 80%-ға жеткізу. «Ақ бұлақ» шеңберінде биыл бірнеше нысанның құрылысы жалғасын таппақ: Индер ауданы Аққала, Құрылыс, Ынтымақ селоларында су тазалау имараты мен селоішілік су құбырының құрылысы, Құрманғазы ауданы Жыланды селосындағы су тазалау имараты мен селоішілік су құбырының құрылысы, Махамбет селосындағы су құбырының құрылысы, Ақтоғай және Сарытоғай селоларындағы су тазалау имараты мен селоішілік су құбырын қайта жаңғырту, Жылыой ауданы Тұрғызба, Шоқпартоғай селоларындағы су құбырының құрылысы.

Қазіргі таңда бірқатар нысандар бойынша техникалық құжат, жер пайдалану актілерін әзірлеу, тарифтерді бекіту және т.б. жұмыстар атқарылуда.

- Бұдан басқа, жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, 8 сумен қамту нысанының жобалау-сметалық құжаттары жасақталуда: Азғыр өңірі елді мекендерінің тұрғын үйлеріне кіріс су құбырын жүргізу, Тайсойған жер асты су қорындағы су ұңғымаларын іске қосу, Қарасу жер асты су қорындағы су ұңғымаларын іске қосу, Дәшін селосындағы 1 су көтеру насостық станцияның құрылысы, Сағыз селосында селоішілік су құбырының құрылысы, Доссор селосында селоішілік су құбырының құрылысы, Жасқайрат селосындағы су тазарту имараты мен селоішілік су құбырының құрылысы, Қызыл үй селосындағы су тазарту имараты мен селоішілік су құбырының құрылысы, - деп хабарлады А.Байшаханов.

АТЫРАУДА ӘР САҒАН САЙЫН ТЕКСЕРЕДІ

Санэпиддәрігерлерінің айтуынша, облыста ашық су көздері мен ауыз суды тексеретін құрылғылар мен құралдар бар, жеткілікті. Қазіргі таңда судағы 31 элементке тексеру жүргізілуде. Сонымен қатар өңіріміздің мұнай-газ өндірісіне қатысы болғандықтан, судағы мұнай өнімдеріне де тексеру жүргізіледі. Қысқаша тексеру және толық тексеру деген бар. Бірінші әдіс бойынша тексеру жұмыстары әр ай сайын бүкіл облыс бойынша жүргізіледі, ал толық тексерістен өткізуді жылына бір рет арнайы келісім бойынша жүргізу керек.

Ал, қалада жағдай өзгерек. Бұнда ауыз суды сағат сайын, ал толық тексеру жұмыстарын ай сайын өткізіп тұрады екен. «АтырауСуАрнасы» КМК мамандарының айтуынша, қазіргі кезде су тазарту станцияларына энергияүнемденіш жабдықтар орнатылып, жұмыс істеуде. Бұл жұмыстардың барлығы тұрғындарға кедергі келтірмеу үшін түнгі сағат 12-ден мен таңғы сағат 6-ның аралығында жүргізілген.

КМК маманына қарата қазіргі таңда құбырдағы ауыз су қандай әдіспен залалсыздандырылады деген сұраққа ол 2010 жылдан бері сұйытылған гипохлориднатриймен залалсыздандырылатынын жеткізді. Оның айтуынша, судың сапасына қатысты шағым түспегеніне біраз болған.

Құрманғазылық сумен қамтушылардың айтуынша, аудан халқы су тазарту қондырғыларынан келетін ауыз сумен 87,7 пайызға қамтылған. Аудан бойынша 21 су тазарту қондырғысы бар.

- Ең маңызды мәселе – жазғы уақытта тұрғындардың ауыз сумен бақшаларын, егіндерін суаратындарында. Сол себепті судың қысымы мен сапасы төмендеп кетеді.

Жазғы уақыттағы су мәселесіне Құрманғазы ауданындағы «Кайседенов П» шаруа қожалығының бас маманы Мәлік ХАЙРЛИЕВ те алаңдаулы:

- Ауыз су жүргізілді, бәрі жұмыс жасап тұр. Тек жазда халық егін салады, суару үшін ауыз суды пайдаланады. Себебі, ауданда техникалық су құбыры жоқ. Егер жазғы су құбырын жүргізсе, бұл мәселе шешімін табар еді. 2013 жылы КТК компаниясы ауданның барлық ауылдық округтеріне техникалық су құбырын тарту бойынша ЖСҚ жасақтаған болатын, алайда, осы жұмыс аяқсыз қалды. Неге екенін біз білмейміз. Жазда өте қиын.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

2 шілде 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.