Атырау, 19 сәуір 20:33
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Жағалаудағы оқ атылған бір қақтығыстың екі нұсқасы

3 154 просмотра

Image 2

Күлайым ҒИНАЯТОВА және оның інісі Жасұлан ҒИНАЯТОВ.26 маусымда жағалаудағы Бесікті ауылының тұрғындары мен балық инспекциясының қызметкерлері қақтығысып қалып, оқпен атылатын қару қолданылды. Қатарынан үш қылмыстық іс қозғалды.

Жайық жағасында аптапты кеште орын алған хикаяға қатысушылардың қарама-қайшы екі көзқарасы бар.

№1 НҰСҚА: «ИНСПЕКТОРЛАР НАУҚАС БАУЫРЫМДЫ ҰРЫП СОҚТЫ»

Күлайым ҒИНАЯТОВА зардап шегуші ретінде Атырау қалалық ІІБ мен облыстық прокуратураға шағым берді.

- Бұл 26 маусымда кешкісін орын алды. Күйеуім өзен жақтан 2 рет оқ атылғанын естіді. Сағат шамамен 20.30 болатын. Бір жарым сағат бұрын өзенге біздің 10 жастағы қызымыз 35 жастағы нағашысы Жасұлан ҒИНАЯТОВПЕН бірге кеткен болатын, - дейді К.Ғинаятова. – Біз көлігімізге жүгіре мініп, жағалауға тарттық. Қызым еш жерде жоқ, ал інімді Арман МОЛДАШЕВ бастаған инспекторлар соққыға жығып жатыр екен (Атырау облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы басшысының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары – З.Б.).

Прокуратураға жазған шағымның мәтінінен: «Олардың (қызым мен інімнің) қасында жас жігіттер аумен балық аулап отырды. Оларға басқарманың агенттері Арман Молдашев, Монти деген лақап аты бар Жәнібек (Жәнібек ӘШЕН – З.Б. ескертпесі) және басқа адамдар (бірақ оларды танымадым) жақындап барды. Олардың бірі жігіттер жаққа қарай автоматтан шамамен он мәрте оқ атты. Сол кезде ол жерде көп адам демалып, балық аулап отырған еді. Осы адамдардың бәрі көрді. Інімнен көмектесуді өтінген, сондықтан, оның өзі айтқандай, оларға көмектескен. Өйткені жандарында суға шомылып жүрген. Ал олар оны балық аулап отырған жігіттермен бірге соққыға жыққан. Оны қарумен ұрып, бүйрегінен соққылаған. Оның өзі науқас еді. Қашып кеткісі келген кезде інімді ұстап алды, сөйтіп бәрін соған іле салғысы келді. Мен оларға жақындап келген кезде, оны ұрып жатыр еді. Сол кезде мен арыз жазып, шағымданамын деп қорқыттым. Бәрі қашып кетті. Мен сол жерден 4 дана атылған гильзаны тауып алып, арызыммен бірге қалалық бөлімге апарып бердім».

Жалаңаяқ жылап жүрген қыз тоғайдан табылған. Ол ата-анасының айтуынша, атыс басталған кезде қорыққаннан қашып кеткен екен. Сол кезде Ғинаятованың растауынша, оған бейтаныс жас браконьерлер жан-жаққа қаша жөнелген. Осы уақытта әлдебір қызметкер өзенге арқасын беріп, құмды бұрқырата көтеріп, шоқ тоғайға айналдыра оқ атқан. Ғинаятованың растауынша, туысының соққыға жығылып жатқанын тоқтатуға тырысқан кезде автоматтан тіпті оның күйеуіне де оқ атыпты.

- Атыс басталған кезде биік өскен шөптердің арасынан демалушылар айқайлап шыға келіп, қолдарына ызалана бөтелкелер ұстап оқ атқандарға қарай бара жатты. Мен полицияға қоңырау шаламын деп айқайлап, олар (жедел топ) сегізі мініп келген машина мен катерге отырып, кетіп қалды. Мен қалған атылған гильзаларды жинап алдым. Содан кейін 30 минуттай уақыттан соң олардың қайта келіп, жағалаудан гильзаларды іздегенін көрдік.

Зардап шегушіні әпкесі «науқас адам» деп айтып отыр. Оның айтуынша, оның бүйрегі ауырады және ақыл-ой дамуы кешеуілдеген жан екен.

Image 0- Ол есепте тұр ма? Оның диагнозы не деп аталады? – деп осы мәліметтерді нақтылауды сұрадым.

- Жоқ, ол көптен бері ауырады, бізбен бірге тұрады, біз оны бағып отырмыз.

Ол балықшыларға ау құралын әлдене жасауға көмектескен («Қайықтағы жігіттер шомылып жүрген жігіттен жағалаудағы ау құралына көмектесіп жіберуді өтінген, ол көмектескен») інісін браконьерлерді ұстай алмаған жедел топ қызметкерлері тепкілеп, жермен сүйретіп, автомат дүмімен бүйректерінен соққан. Жігіт футболкасын көтерді, бүйрек тұсында қызыл дақтар бар екен. Арқасында көп сызаттар бар, терісі сыдырылған. Ғинаятова інісін куәландыруға апарып жүр, ал қызының қопалар арасымен үрейлене қашып жүргенде зақымдаған көзінің мүйізгек қабығының жарақатын емдемекші.

№2 НҰСҚА: «БІЗ ШАБУЫЛДАҒАН БРАКОНЬЕРЛЕРДЕН ҚОРҒАНДЫҚ»

Сол бастапқы деректер: қапырық кеш, тоғайлы жағалау, өзен, шұғыл уәкілдер. Алайда енді адамдардың рөлі мүлдем өзгерген: тал түбінде еркін демалып жатқан адамдардың орнында бөтелке сынықтарымен қаруланған браконьерлер.

Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының бас маманы Әзиз НҰРАЛИЕВ менен кейкілжіңге қатысқан барлық адамдардың айтқан пікірлерін тыңдап алып, әңгімені қарсы сұрақ қоюмен бастады:

- Сізге 2-ҚІБ, ІІБ қызметкрелері не айтты? Зардап шегушілер не айтты?

Оған осы оқиға бойынша ведомствосының пікірін тыңдау үшін келгенімді есіне салуға тура келді.

- Шұғыл ақпарат бойынша 26 маусымда біз сумен және құрлықпен екі топ Бесікті ауылына шықтық. Ауыл тұсынан қолдан жасалған жүзу құралын байқадық. Қайықта үш азамат болды, олардың біреуі осы арызды жазып отыр. Ақпаратымыз расталды: қайықтан өзен арнасын жабатын ау құралын таптық. Сол жерде 250 келі сыла балығы да болды. Біз бейнекамераға түсірдік. Барлығы жазылған. Браконьерлер қарсылық көрсетіп, бізге қарсы физикалық күш көрсетті. Содан кейін біз қызметтік қаруымыздан ескерту оғын атуымызға тура келді.

- Қаруларыңыз қандай?

- «Сайга» карабині.

- Қызметтік қаруларыңыздың калибрі қандай?

- Мен ештеңе айта алмаймын, қару қазір сараптамада.

- Зардап шегушілер сіздер автоматпен қаруланған, себелеп оқ жаудырды деп мәлімдеп отыр.

- Бұл қару автоматқа ұқсайды, алайда оқты бір-бірлеп қана ата алады, оқшантайы кішкентай. Аспанға аттық. Осыдан кейін ғана шабуылдаушылар кейін шегінді.

- Сіздерге кім шабуыл жасады?

- Ұсталғандар үшеу болды, біз барлығын ресімдеп, енді кеткелі жатқанбыз. Осы уақытта жағалаудағы тал арасынан 6-7 адам шықты, барлығы да алкогольдік ішімдік ішіп алған. Бөтелке сынығымен қаруланған олар бізге сөзге келместен шабуыл жасап, ұсталғандарды босатып, қашып кетті. Біз факт бойынша «102»-ге хабарладық. Осы факт бойынша шабуыл жасағандарға қатысты ҚР ҚК-нің 380-бабы («Билік өкіліне қатысты күш көрсету») бойынша қылмыстық іс көтерілді. Браконьерлерді ұстағанымыз жөніндегі материалдарымызды табиғат қорғау прокуратурасына тапсырып, ҚР ҚК-нің 335-бабы («Заңсыз балық ресурстары аулау») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Image 1

- Оперативтік топтың құрамында қанша адам болды?

- Алты қызметкер.

- Топты Арман Молдашев басқарды ма?

- Ол оперативтік бөлім бойынша орынбасар, рейдтерге өзі шығады.

- Жәнібек Әшен (Монти), біздің деректеріміз бойынша, оперативтік топтың құрамына кірмейді. Ол сіздермен бірге не істеп жүр?

- Ол да біздің қызметкеріміз.

- Қарсы тарап сіздердің қызметкерлеріңізді жақсы танитын сияқты.

- Гуляны (Күлайым Ғинаятова) да бәрі біледі. Оған және жұбайына бірнеше рет браконьерлік бойынша қылмыстық іс ашылған. Мамыр айында Бесіктіде шекарашыларға тас лақтырған оқиға есіңізде ме? (Бұл оқиға біздің «Бесіктіде шекарашыларға тас атты» жарияланымызда жазылған – З. Б.) Сол істе ол күдікті ретінде тексеріліп жатыр.

- Сіз сол күнгі бейнетүсірілім туралы айттыңыз. Яғни, сіздер өздеріңізге жасалған шабуылды да, содан кейін атылған оқты да түсірген боларсыздар?

- Жоқ, айттым ғой, тал арасынан адамдар шығып, ұсталғандарды босатып алған кезде, біз барлық жұмыстарды бітіріп, кеткелі жатырғанбыз. Біраз уақыттан кейін біз тағы бір қарап шығу үшін осы жерге қайта оралдық. Олар барлық гильзаларды, сынық бөтелкелерді өз беттерінше жинап, тазалап тастапты.

Мен осы оқиғаға түсінік беру үшін №2 қалалық полиция бөліміне хабарластым. Сол жерде Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы қызметкерлеріне қарсылық көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады. Ғинаятованың шағымы бойынша ІІБ қозғаған қылмыстық іс те сонда жіберілген.

Бұл кикілжіңнің, сондай-ақ осыған қатысты басқа да эпизодтардың анық-қанығын білмейтін жандарға бұл бір дүдамал, күңгірт, өзен суындай лай оқиғадай көрінер. Сонымен қатар, барлық кейіпкерлері де бір-біріне бөтен адамдар емес, бір-біріне таныстырудың қажеті жоқ. Даудың әрі қарай жалғасатыны сөзсіз.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

1 шілде 2015, 11:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.