Атырау, 19 сәуір 05:26
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​Бағдарлама бойынша тағы үш үй берілді

2 532 просмотра

Image 0Алмагүл ықшамауданында 3 тұрғын үй пайдалануға берілді. «Нұрлы жол» бағдарламасының 135 қатысушысы «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» «Барлық санаттағы тұрғындарға арналған баспана» бағыты бойынша пәтерлер алған.

«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АӨ басқармасы төрағасының орынбасары Ербол ҚАРАШӨКЕЕВТІҢ айтуынша, осы үйлерде бір бөлмелі 20, екі бөлмелі 45 және үш бөлмелі 70 пәтер бар. Олардың жалпы алаңы 10 мың шаршы метр. Құны - 1 млрд 80 млн теңге, оның 110 млн теңгесі ҚР Ұлттық қорының қаржысынан бөлінген. Бір шаршы метрдің құны 111 мың 502 теңгені құрайды.

«Өңірлерді дамыту - 2020» бағдарламасы шеңберінде биылғы жыл аяғына дейін ҚТҚЖБ желісі бойынша Атыраудан тағы 11 үйді тапсыру жоспарланып отыр. Ондағы 334 пәтер «Барлық санаттағы тұрғындар үшін» бағытына және 90 пәтер – «Жас отбасыларға арналған баспана» бағытына қатысушыларға арналған.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

30 маусым 2015, 10:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.