Атырау, 25 сәуір 06:49
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Атырау облысында маскүнем жүргіншіні зорламақ болды

1 980 просмотра

Image 0Құрманғазы ауданының тұрғыны кездейсоқ жүргіншіні зорлауға әрекет жасады.

Алдын ала тергеу болжамы бойынша, түнде күдікті ішімдік ішкен күйде көшеде кетіп бара жатқан ер адамды көріп, телефонын тартып алып, содан соң соққыға жыққан. Әрі қарай зардап шегушіні өзен жағасына апарып, «нәпсіқұмарлық сипаттағы зорлық әрекеттерін жасай бастаған». Алайда жақындап келе жатқан көліктің шамын көріп, өз ойын аяғына дейін жеткізе алмай, қылмыс орнынан ғайып болған. Кейінірек, ол ұсталды.

Айтпақшы, күдікті бұрын сотты болмаған. Күні мен болған жерді қосқанда оқиғаның басқа егжей-тегжейі туралы зардап шегушінің мүддесі ескеріліп, хабарланбайды.

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, осы факт жөнінде ҚР ҚК-нің 191-бабы («Тонау») мен 121-бабы («Нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану іс-әрекеттерi») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Құрманғазы аудандық соты тергелушіні 2 айға дейін тергеуалды мерзімге қамауға алуға санкция берді.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

29 маусым 2015, 17:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.