Атырау, 20 сәуір 00:22
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​Остаптың кәсібі қызықтырақ еді

2 248 просмотра

Image 0Полицейлер аңғал атыраулықтар алданып қалатын алтылықты жария етті.

ӘКІМДІКТЕН ПӘТЕР

Қаламыздағы алаяқтықтың ең көп тараған түрі – пәтер кезегін алға қарай «жеделдету».

- Адамдар қылмыстық хрониканы оқыған кезде іс жүзінде бәрінің де қарапайым, орынсыз екенін көреді. Біреу біреуге бірнеше мың долларды пәтер алуға көмектескені үшін береді, бірақ белгіленген мерзімде арман болған шаршы метрлерге қол жеткізе алмайды, ақшасын да қайтармайды, - деді Атырау қалалық ІІБ бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі Марат ТАҒАНИЯЗОВ. - Іс жүзінде өз кезегін күтіп жүрген адамнан ақша алу сызбасы көзге көрінгендей оңай емес. Бұл қулық-сұмдыққа кем дегенде екі адам қатысады. Бірі - әкімдіктің жалған қызметкері, екіншісі – жақын күндері қоныстой тойлаған досы. Осы екі адамның екеуі де – танымал фамилиялардың атынан диалог жүргізіп тұтас қойылым қоятын нағыз әртістер.

М.Тағаниязовтың айтуынша, олардың әңгімелерінің ерікті немесе еріксіз тыңдаушысы болған «ашық ауыз», әдетте, оған өзі көмектесуге сұранады. Алаяқтар тіпті аздап бәлсіне қалып, бірақ көнгендей болып, одан қызметі үшін бірнеше мың доллар алады. Олар құнын көтеру үшін әлдебір салынып жатқан көп қабатты үйге апарып, пәтерді өзіне таңдауды ұсынуы әбден мүмкін. Бірнеше ай өткен соң аңғал адам мазасыздана бастағанда, түрлі себептерді көлденең тарта қояды: дүниежүзілік дағдарысқа байланысты бюджет қаржысын қысқартып тастады, күтпеген су тасқыны болды, өртенгендер кезектен тыс пәтер алды және т.б. Адамның шыдамының шегі таусылып, полицияға шағымданғанша солай шексіз жалғаса береді.

ТШО МЕН АДЖИПКЕ ЖҰМЫСҚА КІРГІЗУ

Бұл екінші кең тараған тәсіл. Сызбасы да сондай, тек декорация ғана өзгереді. Бұл аталмыш мекемелердің фойесі, галстук таққан келісті адамдар, лаунж-бардағы еркін әңгіме болуы мүмкін, бәрі шынайы көріністе болады. Тек нәтижесі әлгіндей.

ҚАРА РИЭЛТОРЛАР

Үштікті тағы да тұрғын үй мәселесі аяқтайды. Әңгіме жалға беру туралы болып отыр. Жалға беруші де, пәтер жалдаушы да алаяқтың құрбанына айналуы мүмкін.

- Әдетте, мұндай пәтерлер өте қолайлы және ол үлкен мерзімге беріледі, - дейді М.Тағаниязов. – Бастапқыда бәрі әдеттегідей өтеді: келісім жасалып, жалға беруші ақшасын, пәтер жалдаушы кілтін алады. Ең қызықтысы - пәтер жалдаушы бөгденің шаршы метрлерін көп адамдарға жалдай бастайды. Ал ең жағымсызы – белгілі бір уақыт келген кезде олардың бәрі өз заттарымен бірге баспалдақ алаңында кездеседі. Мұндай жағдайлар Атырауда жиі орын алады. Пәтердің құжаттарын мұқият қарап, нотариуста келісімшарт жасау арқылы өзін қауіпсіз етуге болады.

ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

Негізінен істер интернет арқылы сатып алуларға қатысты.

- Соңғы жағдайлардың бірі: ер адам көліктің қосалқы бөлшектеріне тапсырыс береді, басқа қаланың сатушысы, егер әлгі адам алдын ала төлем жасаса, мерзімінде жіберуге уәде береді. Бұл хикая да келеңсіз аяқталады: тауарды да, ақшаны да, сатушыны да ғаламтор кеңістігінен ақыры таба алмайды.

Жыл басынан бері Атырау қаласында алаяқтықтың 448 жағдайы тіркелді – бұл өткен жылдың тиісті мерзіміне қарағанда 5,7 пайызға көп.

«АПА, ҚҰТҚАРШЫ МЕНІ»

Ұялы телефон арқылы алаяқтық жасаудың заманы өтіп кетсе де, қазірдің өзінде соған алданып, өз туысын құтқарып алу үшін барын беретін қала тұрғындары кездеседі. Әдетте, алаяқтар кез келген ұялы нөмірді теру әдісімен әрекет етеді. Өзін полицеймін деп таныстырып, олар ұлыңыз қылмыстық жағдайға тап болды, оған қылмыстық іс қозғалмас үшін белгіленген уақыт пен орынға белгілі бір соманы апару керек немесе ұялы телефон балансына жолдау керек деп хабарлайды.

- Әңгіме кезінде адам қырылдаған дауысты естиді. Бәлкім, баласын ұрып жатыр деп ойлайды. Сол кезде ата-ана қолында барын беруге әзір болады. Мұндай жағдайда дүрлікпей, осы кезде жайбарақат достарының жанында немесе басқа жерде, бастысы қауіпсіздікте жүрген ұлына қоңырау шалған маңызды.

Осыған ұқсас жағдайлардың барлығында еліміздің түзету колонияларында мерзімдерін өтеп жатқан тұтқындар осыны кәсіп еткен. Егер зэк қармаққа ілінген ата-ананың басқа қалада екенін анықтаса, ақшаны ұялы телефонына аударуды сұрайды. Бірақ көбінесе соманың көптігі сондай, оларды айтылған жерге қалдырады немесе жұмысы үшін соманың бір бөлігін өзіне қалдыратын таксистермен жібереді. Көбінесе таксистер еріксіз өздерінің де қылмысқа бой алдырғанына күмәнданбайды.

«СЫЙАҚЫҒА ҚАЙТАРАМЫН»

Бұл құжаттарын, әмияндарын және т.б. заттарын жоғалтқан жандарға қатысты. Алаңғасар азаматқа қоңырау шалған алаяқ оған іздеп жүрген затын тауып алғанын, сол үшін сыйақы алсам жаман болмас еді деп хабарлайды. Адамдар, әдетте, ақшаны бірден ұялы телефонға аударып, жоқ хабарды күтеді.

- Соңғы жағдай бойынша тіркелген оқиға әйел адам 50 мың төлеген екен, - дейді полиция. Жоғалған заттарын, әрине, ақыры көре алмаған.

Анастасия ПАСТУХОВА


29 маусым 2015, 15:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.