Атырау, 29 наурыз 04:04
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Атырау қаласының бұрынғы әкімі Асқар Керімов: "Қаланы үш жыл ішінде алғаш көріп отырмын"

8 393 просмотра

Image 018 маусымда облыстық апелляциялық соты "Бергей Рысқалиевтың ҰҚҚ" қылмыстық ісі шеңберінде сотталған облыс әкімі аппаратының бұрынғы басшысы әрі бұрынғы қала әкімі Асқар КЕРІМОВТІ шартты-мерзімінен бұрын бостандыққа шығарды.

"ЕШҚАЙДА ЭТАППЕН ЖІБЕРГЕН ЖОҚ, АТЫРАУДА ОТЫРДЫМ"

Естеріңізге салсам, Керімов мемлекеттік нысандарды заңсыз жекешелендіруге байланысты эпизод бойынша сотталған еді. Ол 3 жыл ішінде мемлекеттік лауазымда жұмыс істеу құқығынан айыру, мүлікті тәркілеумен бірге жалпы режимдегі колонияда 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын алған болатын.

- ҚР ҚК-нің 72-бабы жаза мерзімінің жартысынан көбін өтеген сотталушы үшін шартты-мерзімінен бұрын босату туралы өтініш беру мүмкіндігін қарастырады, - деп түсіндірді телефон арқылы Асқар Керімов. - Менде бұл құқық апелляция нүкте қойғанға дейін туындады - апелляциялық алқа үкімді күшіне қалдырған кезде мен 2,7 жыл жазамды өтеген едім. Сәуір айында мен №2 сотқа өтініш бердім. Мамырда ол қаралды. Алайда, сот қандай да болмасын түсінікті дәлелсіз оны қанағаттандырудан бас тартты. Содан кейін апелляциялық сотқа бердім. Кеше өтініш қаралып, судья Сандуғаш СҮЛЕЙМЕНОВА №2 сот менің өтінішімнен негізсіз бас тартқан деп, мені шартты-мерзімінен бұрын босатылуға тиесілі деген шешім шығарды. Шешім сол сәт күшіне еніп, мен сот шешімінен кейін бірер сағаттан соң бостандыққа шықтым.

- Яғни, сіз барлық жаза мерзімін Атырауда, тергеу изоляторында өтедіңіз бе?

- Иә, мені тергеу изоляторында қалдырды, ешқайда этаппен жіберген жоқ. Бұл жерде аз жаза мерзімін алған белгілі бір адамдарға арналған арнайы бөлімше бар. Сондықтан тергеу изоляторының басшысы оларды қалдыра алады. Негізінде мені құқыққорғау жүйесінің бұрынғы қызметкері ретінде Семейге түзету колониясына этаппен жіберуге тиіс еді (оларды басқа сотталушылардан бөлек ұстайды).

- Сіз қанша уақыт қамауда болдыңыз? Өзіңізді бостандықта қалай сезініп жүрсіз?

- Екі жыл және тоғыз ай болдым. Өзімді керемет сезінемін, бейімделіп жатырмын. Мен қаланы осы үш жылдай уақыт ішінде алғаш көріп отырмын ғой. Атырау әдемі болатын, қазір өзгеріп, одан сайын көркейе, көгалдана түсіпті. Оның үстіне біздің кезімізде отырғызылған ағаштар өсіп қалыпты.


"ЕНДІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ БАРМАЙМЫН"

- Қаламызда көпшілігі сізді жолы болғыш деп есептейді: сіздерге қатысты қылмыстық істің шеңберінде фигуранттардың басым көпшілігі өте ұзақ мерзімді жазалар алды. Ал сізге аз мерзімдердің бірі тағайындалды. Мұны немен түсіндіруге болады?

- Мен осынау қылмыстық іс-әрекеттердің барлығына тікелей қатысқан жоқпын. Маған қатысты аппарат басшысы болып тұрған кезде жазған 2 хатым ғана болды. Оның бірі, істе болмағанын еске салайын. Бұл хаттар жекешелендіру бойынша жасалған әрекеттерде шешуші рөл атқарған жоқ. Мен жеке өзім шешуші рөл атқарған жоқпын, комиссияға қатысқан жоқпын, құжаттарға қол қойған жоқпын. Тек хаттар бастамашылық, дәлірек айтқанда, ұсыныстық сипатта болды. Бұлардан бөлек, сотта ешқандай құжаттар, фактілер, ерекше байланыстар құжатты түрде дәлелденген жоқ. Бірақ сонда да сот мені жағдайға жанама түрде ықпал етті деп есептеді. Шамасы, тікелей қасында болатын лауазымыма байланысты болса керек. Алайда фактілерге қарау керек қой. Әңгіме лауазымда емес, белгілі бір әрекеттерді жасауда. Атап айтқанда, шенеуніктер үшін бұл бірінші кезекте құжаттарға қол қою.

- Тергеу изоляторында сот болып жатқан кезде осы істің басқа фигуранттарымен кездесіп қалған кездеріңіз болған шығар.

- Әрине, үнемі. Көбінесе бір камерада отырдық.

- Кіммен отырдыңыз?

- Бізді жиі ауыстыратын, бәрімен дерлік отырдым деуге болады.

- Сіздердің әңгімелеріңіздің тұрақты тақырыбы - сіздердің бәріңіздің басын қосқан қылмыстық іс, тергеу нәтижелері және сот шығарған үкімдер туралы болған шығар. Сіздер іс бойынша, оның фигуранттарының процесі бойынша ортақ пікір айта алатын ба едіңіздер?

- Қатты жұмыс істегіміз, орындағымыз, көрсеткіміз, өз жұмысымызды дәлелдегіміз келді. Бәрі үшін айта алмаймын, бірақ мен өзім тез игеру, қойылған мақсатқа тез жету деген құлшыныс, осынау жылдамдық (әкімдердің көбі осындай дертпен ауырады), біздің жұмысымызға аласапыран әкелді деп есептеймін. Тиісінше, құжаттар да ретсіз болды, нәтижесі - осы...

- Бостандыққа шыққан соң немен айналысасыз?

- Жұмыс іздейтін боламын, бірақ енді мемлекеттік қызметке бармаймын.


ЖАНТЕМІРОВ ТЕ ШЫҚТЫ

Сол күні, бірақ Ақтауда осы іс бойынша тағы бір сотталушы - мүлкін тәркілеумен қатар 4 жылға қатаң режимде жазасын өтеуге, сонымен қатар 5 жылға дейін мемлекеттік лауазымда жұмыс істеу құқығынан айыру жазасына кесілген қаржы басқармасының бұрынғы бастығы Бауыржан ЖАНТЕМІРОВТІҢ шартты-мерзімінен бұрын бостандыққа шыққаны белгілі болды.

Осы іс бойынша сотталғандардың көпшілігі колонияларға этаппен жіберілді. Біздің мәліметтер бойынша, облыс әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Болат ДӘУКЕНОВ (мүлкін тәркілеумен қатар қатаң режимдегі түзету колониясында 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын алған, 7 жыл ішінде мемлекеттік лауазымда жұмыс істеуге тыйым салынған) Қарағандыда; облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Асқар ӘБДІРОВ (мүлкін тәркілеумен қатар қатаң режимде 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын алған, 7 жыл ішінде мемлекеттік лауазымда жұмыс істеуге тыйым салынған) Ақтауда жазасын өтеуде. Облыстық құрылыс басқармасының бұрынғы бастығы Нұрлан КЕНЖЕБЕКОВ (мүлкін тәркілеумен қатар жалпы режимде 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын алған, 3 жыл ішінде мемлекеттік лауазымда жұмыс істеу құқығынан айырылған), облыстық энергетика басқармасының бұрынғы бастығы Бауыржан ЖАЙСАҢОВ (мүлкін тәркілеумен қатар жалпы режимде 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын алған, 4 жыл ішінде мемлекеттік лауазымда жұмыс істеу құқығынан айырылған), "Атырау облыстық құрылыс басқармасы" ММ бастығының бұрынғы орынбасары Ибрагим ӘМІРОВ (мүлкін тәркілеумен қатар жалпы режимде 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын алған, 3 жыл ішінде мемлекеттік лауазымда жұмыс істеу құқығынан айырылған) әлі Атыраудағы тергеу изоляторында жатыр.

Апелляциялық алқа үкімдер бойынша барлық шағымдарды қанағаттандырусыз қалдырды. Фигуранттардың тағы екі мүмкіндігі бар: кассация және Жоғарғы сотқа жүгіну.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

19 маусым 2015, 21:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.