Атырау, 18 сәуір 10:51
 ашықВ Атырау +28
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Даладағы мұнай төгіндісі

2 974 просмотра

Image 0Табиғат қорғау прокуратурасының Мақат ауданының аумағына жүргізген рейд жұмыстары барысында Қарабатан станциясы мен Таскескен разъездінің арасындағы теміржол бойынан мұнай төгіндісі анықталды.

19 маусымда баспасөз бен облыстық экология департаментінің зертхана қызметкерлері сол жерде болып қайтты.

Төгінді жаңадан төгілген емес. Әріптесім бұл мұнай дағын google-дан ғарыштан түсірілген суреттен тауып алды. Сол суреттен екі жыл бұрынғы өз үйімнің құрылысы басталған кездегі түрін көрдім. Жердің беткі қабатында мұнай буланып, жерді гудрон қабыршағы басқан. Шамамен бір гектар аумақ мазутталған. Топырағы жоғарылау жерде мұндай көрінбейді деуге болады, ал ылдиында теміржолға жақын жерде, шамасы, соңғы мамырдағы нөсердің ылғалы жерге сіңген болуы керек, мазутты бетіне шығарып жіберген. Неліктен мұнай дағын қазір байқаған? Ол Атырау-Құлсары теміржолына жақын жерде емес пе? Бұл жұмбақ болып отыр.

Облыстық табиғат қорғау прокурорының аға көмекшісі Сапар ТҰРСЫНБЕКОВТІҢ айтуынша, ТЖ-ға кінәлілер міндетті түрде табылады. Экология департаментіне тергеу жүргізіп, кінәлілерді жазалап, мазутталған топырақты кәдеге жаратуды қамтамасыз етуге ұйғарым берілді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ



19 маусым 2015, 17:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.